Басты бет Тарихы Әйелдер қанатының құрылымы Жаңалықтар Байланыс
Қазақша | Орысша
Тіркелу
Ғылымдағы әйелдерді қолдау 14 сәуір, 2026

Әйелдер қанатының бастамасымен өткен «Ғылым Talks» алаңында әйел-ғалымдардың ғылымдағы рөлі талқыланды

Ақмола облысында «Ғылым Talks» аясында Әйелдер қанатының қатысуымен әйел-ғалымдардың жетістіктері мен ғылым мен қоғам байланысы талқыланды.

Әйелдер қанатының бастамасымен өткен «Ғылым Talks» алаңында әйел-ғалымдардың ғылымдағы рөлі талқыланды
Қашан
14 сәуір 2026, 00:00
Қайда
Ақмола облысы
«Достық үйі»

«Достық үйінде» ғылым, қоғам және белсенді жастар өкілдерін біріктірген «Ғылым Talks: Ғылым және қоғам — әйел-ғалымның үні» атты іс-шара өтті. Кездесу «AMANAT» партиясы Ақмола облыстық филиалы жанындағы Әйелдер қанатының бастамасымен ұйымдастырылып, ғылым саласындағы әйелдердің рөлін арттыруға және олардың жетістіктерін кеңінен насихаттауға бағытталды. Іс-шара модераторы, Әйелдер қанатының төрайымы Айнагүл Балташева ұйымның негізгі бағыттары мен жетістіктерін атап өтіп, жаңа Конституцияның қоғамдық реформалар мен азаматтық белсенділікті дамытудағы маңызын түсіндірді. Ғылыми бағыттың кураторы Айгүл Жақыпова өңірдегі әйел-ғалымдардың ғылыми жобаларға қатысу көрсеткіштері мен олардың әлеуметтік-экономикалық дамуға қосқан үлесі туралы баяндады. Құттықтау сөз сөйлеген «AMANAT» партиясы Ақмола облыстық филиалының төрағасы ғылым мен қоғам дамуындағы әйелдердің рөлінің ерекше екенін атап өтті.

Кездесу барысында ғалымдар экология, тау-кен ісі, медицина және филология салаларындағы зерттеулерімен бөлісті. Жастар мен студенттер сұрақ қойып, пікір алмасуға белсенді қатысты.

Іс-шара әйел-ғалымдардың тәжірибесін насихаттауға, ғылым мен қоғам арасындағы байланысты нығайтуға және жастардың ғылыми қызығушылығын арттыруға бағытталған маңызды диалог алаңына айналды.

69f865b5dab8c.png
69f865b5e73c2.png
69f865b5e0801.png
69f865b5eb453.png
69f865b5ef3ab.png