Басты бет Тарихы Әйелдер қанатының құрылымы Жаңалықтар Байланыс
Қазақша | Орысша
Тіркелу
Қоғамда цифрлық теңдікті қамтама... 21 сәуір, 2026

Әйелдер қанатының қатысуымен «Aqmola Hub»-та цифрландыру мәселелері талқыланды

«Aqmola Hub»-та өткен кездесуде Әйелдер қанатының қатысуымен цифрлық даму бағыттары мен құзыреттерді арттыру мәселелері қарастырылды.

Әйелдер қанатының қатысуымен «Aqmola Hub»-та цифрландыру мәселелері талқыланды
Қашан
21 сәуір 2026, 10:00
Қайда
Ақмола облысы
«Aqmola Hub»

Бүгін «Aqmola Hub»-та цифрландыру мәселелерін талқылау аясында «AMANAT» партиясының Әйелдер қанатының қатысуымен кездесу өтті. Іс-шараға бастауыш партия ұйымының мүшелері — Қайрушева М.А. және Майбах Е.А. қатысты.

Кездесу барысында цифрлық дамудың өзекті бағыттары қарастырылып, Цифрландыру жылы аясында оқыту мен біліктілікті арттыруға арналған түрлі бағдарламалар ұсынылды.

Аталған алаң пікір алмасуға, тиімді шешімдер іздеуге, сондай-ақ цифрлық құзыреттерді дамытуға және осы саладағы бастамаларды қолдауға бағытталды.