Әйелдер қанатының қатысуымен «Әйелдер әлемі — ел тағдырына жауапкершілік» форумы өтті
Астанада өткен форумда Әйелдер қанатының қатысуымен конституциялық реформа, әйелдердің қоғамдағы рөлі және ел дамуына қосқан үлесі талқыланды.
Астанада 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күні қарсаңында «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін» Жалпыұлттық коалициясы «AMANAT» партиясы Әйелдер қанатының ұйымдастыруымен «Әйелдер әлемі — ел тағдырына жауапкершілік» атты ауқымды форум өткізді.
Форумның басты мақсаты — конституциялық реформаны қолдау, қоғамдағы әйелдердің рөлін арттыру және олардың Жаңа Қазақстанды дамытуға қосатын үлесін нығайту болды.
Іс-шара аясында әйелдердің қоғамдық-саяси белсенділігі, ел дамуындағы жауапкершілігі және әлеуметтік процестерге ықпалы кеңінен қарастырылды. Форум әйелдер көшбасшылығын дамытуға және олардың ел болашағына қосатын үлесін күшейтуге бағытталды.

