Ғылым, технология және адами капитал синергиясы арқылы болашақты дамыту
Әйелдер қанаты мүшелерінің ғылым, технология және адами капиталдың болашақтағы рөліне арналған халықаралық конференцияға қатысуы.
Gylym talks аясында Әйелдер қанатының мүшелері «Қозыбаев оқулары - 2026: Болашақ экожүйесі, технологиялар мен адами капитал синергиясы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты. Бұл іс-шара ғалымдар, сарапшылар және пікір көшбасшылары арасында диалог орнатуға арналған маңызды алаңға айналды. Талқылау барысында заманауи технологиялардың білім мен ғылым саласына әсері, сондай-ақ адами әлеуетті дамыту мәселелері қарастырылды. Тұрақты даму модельдері, қоғам игілігі үшін инновацияларды енгізу және білім мен дағдыларға инвестиция салудың маңыздылығы негізгі назарда болды. Әйелдер қанатының қатысуы әйел-ғалымдар мен жас зерттеушілерді қолдаудың маңызын айқындап, олардың ғылым мен қоғамдағы рөлін арттыруға бағытталған.


