1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнінде біздің жас ұрпақтың қаншалықты талантты, бастамашыл және жанашыр болып өсіп келе жатқанын көру ерекше қуаныш ұялатады.
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнінде біздің жас ұрпақтың қаншалықты талантты, бастамашыл және жанашыр болып өсіп келе жатқанын көру ерекше қуаныш ұялатады. Бүгін әріптестеріммен бірге High Tech Academy-де өткен, Қазақстандағы балаларға қатысты зорлық-зомбылықты азайту тақырыбына арналған мектеп жобаларының финалдық таныстырылымына қатыстық. Бұл іс-шара Әйелдер қанатының «Балаға уақыт сыйла» акциясы аясында ұйымдастырылды.
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнінде біздің жас ұрпақтың қаншалықты талантты, бастамашыл және жанашыр болып өсіп келе жатқанын көру ерекше қуаныш ұялатады.
Бүгін әріптестеріммен бірге High Tech Academy-де өткен, Қазақстандағы балаларға қатысты зорлық-зомбылықты азайту тақырыбына арналған мектеп жобаларының финалдық таныстырылымына қатыстық. Бұл іс-шара Әйелдер қанатының «Балаға уақыт сыйла» акциясы аясында ұйымдастырылды. Оқушылар әрбір бала үшін қауіпсіз әрі қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған өз зерттеулерін, әлеуметтік бастамаларын, инновациялық бағдарламалары мен практикалық шешімдерін ұсынды.
Әрбір жұмыс мәселені терең түсінуімен, шығармашылық тәсілімен және әлемді жақсы жаққа өзгертуге деген шынайы талпынысымен ерекшеленді. Балалардың тек өзекті мәселелерді көтеріп қана қоймай, оларды шешудің нақты тетіктерін ұсынуы өте маңызды. Көптеген жобалардың әлеуеті жоғары және олар серіктестер мен мүдделі ұйымдардың қолдауымен жүзеге асырылатын болады.
Кездесу барысында біз ұсынылған бастамаларды одан әрі дамыту перспективаларын, сондай-ақ оларды түрлі қоғамдық және білім беру алаңдарында ілгерілету мүмкіндіктерін талқыладық.
Біздің балаларымыз — Қазақстанның тек болашағы ғана емес. Олар өз білімдерімен, идеяларымен және қоғамды жақсырақ әрі әділ етуге деген ұмтылысымен оны бүгіннен бастап құруда.