Басты бет Тарихы Әйелдер қанатының құрылымы Жаңалықтар Байланыс
Қазақша | Орысша
Тіркелу
Инклюзия қоғамының дамуына жәрде... 6 наурыз, 2026 Қызылорда облысы

8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне орай

8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне орай

Қасиетті Рамазан айының рухани мәнімен астасып, көктемнің шуақты мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай Қазалы ауданында тағылымды әрі жүрекке жылу сыйлаған шара ұйымдастырылды.

Бұл күні Қазалы аудандық Әйелдер кеңесінің төрайымы, аудандық филиал жанындағы Әйелдер қанатының жетекшісі Роза Шорақызы Асанова бастаған бір топ белсенді нәзікжандылар мен «AMANAT» партиясы аудандық филиалы жанындағы Әйелдер қанатының мүшелері Қазалы аудандық зағиптар қоғамының ардақты аналарына арнайы барып, құрмет көрсетті.

Кездесу барысында аналардың өмірлік тәжірибесі мен төзімі, қайсарлығы ерекше аталып өтіп, олардың қоғамдағы орны мен тәрбиелік рөліне жоғары баға берілді. Ізгі ниетпен ұйымдастырылған бұл шара – тек мерекелік құттықтау ғана емес, жан жылуын сыйлап, көңілдеріне қуаныш ұялатқан рухани қолдау болды.

Ана – мейірімнің, махаббаттың, шексіз сабыр мен төзімнің символы. Қандай жағдайда да өмірге деген сенімін жоғалтпай, отбасына тірек болып отырған жандарға құрмет көрсету – баршамыздың парызымыз.

Осындай игі бастамалар алдағы уақытта да жалғасын табары сөзсіз.

Құрметті аналар! Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке тілейміз. Әр шаңырақта шаттық пен жылулық, татулық пен бірлік орнасын!

Тағы жаңалықтар

Барлығын көру
23 маусым, 2026

Жаңа бастамалар мен нақты істер алаңы

Сарысу ауданында өткен Әйелдер қанатының отырысында әйелдердің көшбасшылығын дамыту, қоғамдық белсенділігін ар...

16 маусым, 2026

«Айша бибі» көшбасшылық мектебінде кезекті семинар өтті

Өңірлік «Айша бибі» көшбасшылық мектебінің семинарында белсенді әйелдер көшбасшылық, командамен жұмыс, көпшілі...

8 мамыр, 2026

БАЛА ТӘРБИЕСІ БАСТЫ НАЗАРДА

29 мамыр, 2026

Дағдарыс орталығының әйелдерімен кездесу

Әйелдер қанатының мүшелері Балжан Қожабекқызы мен Гүлнара Жақсылықызы “Отбасы банк” қызметкерлерімен бірлесіп,...

15 мамыр, 2026

⚡Алматы қалалық «AMANAT» партиясы филиалының алаңында «ШЕКСІЗ МҮМКІНДІК» жобасы аясында ерекше білім беру қажеттіліктері бар 9–11 сынып түлектерін қолдау және әлеуметтендіруге арналған кездесу өтті.

11 сәуір, 2026

Ұлы ғалымның мұрасы мәңгілікке қалды!