Басты бет Тарихы Әйелдер қанатының құрылымы Жаңалықтар Байланыс
Қазақша | Орысша
Тіркелу
Әйелдердің денсаулығын және отба... 4 қыркүйек, 2026 Түркістан облысы

«ӘДІЛЕТ»: БАЛАЛАРДЫ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ҚОЛДАУМЕН ҚАРСЫ АЛДЫ

«Әділет» партиясы Шардара аудандық филиалы Әйелдер қанатының «Мектепке нық қадаммен» акциясы өтті.

«ӘДІЛЕТ»: БАЛАЛАРДЫ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ҚОЛДАУМЕН ҚАРСЫ АЛДЫ

«Әділет» партиясы Шардара аудандық филиалы Әйелдер қанатының «Мектепке нық қадаммен» акциясы өтті.

Шара барысында Б.Соқпақбаев, С.Құрманғазы және М.Горкий атындағы мектептерде әлеуметтік аз қамтылған және өмірлік қиын жағдайдағы 30 отбасының балаларына мектеп формалары мен қажетті оқу құрал-жабдықтары табысталды.

Игі бастамаға ауданның жомарт кәсіпкерлері демеушілік көрсетті.

Қайырымдылық шарасына атсалысқан:

🔹 Серманизов Бақытжан Қыпшақбайұлы – Түркістан облыстық мәслихатының депутаты, «Хамит» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің басқарма төрағасы;

🔹 Кияшбаев Руслан Каримович – «Қазкрахмал» жүгері өңдеу зауытының директоры;

🔹 Сартбаев Дулат Жұмагелдиевич – «Шардара орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі» КММ-нің директоры.

Шараға қатысқан «Әділет» партиясы Шардара аудандық филиалының төрағасы Бауыржан Қуанышбайұлы демеушілерге алғысын білдіріп, балаларға жаңа оқу жылында сәттілік тіледі.

Балалардың жаңа оқу жылын жақсы көңіл-күймен бастап, қажетті оқу құралдарымен қамтамасыз етілуіне үлес қосқан барша демеушілерге шынайы алғысымызды білдіреміз!

Қайырымдылық – қоғамдағы мейірімділік пен жанашырлықтың жарқын көрінісі. Осындай игі бастамалар өз жалғасын таба берсін!

6a9a5da11f578.jpg
6a9a5daa719cd.jpg

 

Тағы жаңалықтар

Барлығын көру
18 қазан, 2026

ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕР ДЕНСАУЛЫҚ ҮШІН БІР МАҚСАТТА ТОҒЫСТЫ

Жамбыл облысы Шу ауданында әйелдер денсаулығын қолдауға арналған «Әйел өмірі үшін» атты жүгіру өтті.

18 қазан, 2026

«Әйел өмірі үшін: сүт безі обырының алдын алу марафоны»

"Әйел өмірі үшін" ақпараттық айлығы аясындағы марафон Қордай ауданында жалғасты

14 мамыр, 2026

«АНАЛАР АМАНАТЫ» СӘУКЕЛЕ ШЕРУІМЕН АЙШЫҚТАЛДЫ

⚜️«AMANAT» партиясы Шардара аудандық филиалы жанындағы Әйелдер қанатының ұйымдастыруымен партияның «Ұлттық мұр...

13 ақпан, 2026

Салауатты сана, Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт

"Салауатты сана", "Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт" жобалары аясында Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы №11 кол...

1 сәуір, 2026

Петропавл қаласында «Vildana Studio» сұлулық салонының иесі Вильдана Қожахметова «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында тегін курс ұйымдастырды.

Петропавлда «AMANAT» партиясы Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы жанындағы әйелдер қанатының мүшесі, «Vildan...

7 наурыз, 2026

ӘЙЕЛ ЕҢБЕГІ – ЕЛ МЕРЕЙІ