«Әділет» партиясы Жамбыл аудандық филиалының бастамасымен Алматы қаласындағы заманауи өнер музейіне танымдық экскурсия ұйымдастырылды
«Әділет» партиясы Жамбыл аудандық филиалының бастамасымен инклюзивті білім беру саласындағы ерекше білім беруді қажет ететін балаларға Алматы қаласындағы заманауи өнер музейіне танымдық экскурсия ұйымдастырылды.
Бұл игі шараның басты мақсаты — балалардың дүниетанымын кеңейту, өнерге деген қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту және өзара қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру. Сонымен қатар балаларға жаңа әсер сыйлап, мәдени ортада өздерін еркін сезінуге мүмкіндік беру көзделді.
Әр бала — қайталанбас тұлға, әрқайсысының өзіне тән қабілеті мен мүмкіндігі бар. Олардың бойындағы талантты ашуға, қоғамға бейімделуіне қолдау көрсетуге және өмірдің жарқын сәттерін бірге сезінуге жағдай жасау — баршамызға ортақ міндет.
