Басты бет Тарихы Әйелдер қанатының құрылымы Жаңалықтар Байланыс
Қазақша | Орысша
Тіркелу
Инклюзия қоғамының дамуына жәрде... 16 қаңтар, 2026 Ақтөбе облысы

Ақтөбедегі әйелдер қанаты мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау жолдарын қарастырды

Ақтөбедегі әйелдер қанаты мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау жолдарын қарастырды

📌Ақтөбе облысында 31 мыңнан астам мүгедектігі бар азамат тұрады. Оларға қолайлы жағдай жасап, тең мүмкіндіктер қалыптастыру – «AMANAT» партиясының басым бағыттарының бірі. Бүгін партия жанындағы Әйелдер қанатының облыстық жұмыс тобы осы мәселені талқылады.

🔹Жиында әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту, инклюзивті қоғам қалыптастыру және ерекше қажеттіліктері бар азаматтарды қолдау мәселелері қозғалды. Жұмыс тобының жоспарына мүгедектігі бар азаматтарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, ерекше балаларды тәрбиелеп отырған отбасылармен кездесулер өткізу және әлеуметтік кәсіпкерлікке оқыту және тб іс-шаралар енгізілді.

🔸«Инклюзивті қоғамның дамуына жәрдемдесу» жұмыс тобының жетекшісі Анар Даржанова әлеуметтік кәсіпкерліктің дамуы мен оның қоғам үшін маңызына тоқталды. Ал партияның облыстық филиалы жанындағы Әйелдер қанатының кеңесшісі Күлшат Масалимова ерекше балалардың күтімімен отырған аналарға үйде кәсіп ашуға және қолөнермен айналысуға қолдау көрсетуге дайын екенін айтты.

Партияның облыстық филиалы төрағасының орынбасары Әсел Сарманова инклюзивті қоғам қалыптастыру Әйелдер қанатының 10 басым бағытының бірі екенін атап өтті. Ол облыста 31 615 мүмкіндігі шектеулі жан, оның 5 700-ден астамы — балалар екенін айтып, оларға тең мүмкіндік жасауға жұмыстану қажеттігін жеткізді,

♦️Жиында жұмыс тобының 4 мүшесі, ерекше балалардың ата-аналары биыл ақпанда Израильде MASHAV бағдарламасы бойынша өтетін «Арнайы білім берудің инновациялық тәсілдері» оқу курсына қатысатыны айтылды. Курс инклюзивті білім беру әлеуетін арттырып, ерекше балаларды қолдаудың жобаларын дамытуға мүмкіндік береді.

📍Сонымен қатар Қазақстанның Еңбек Ері Құралай Байменова, ерекше балалардың ата-аналары мүмкіндігі шектеулі жандар мен олардың ата-аналарын қолдау бағытында бірқатар ұсыныстар айтып, күн тәртібіне енгізілді. Қатысушылар алдағы жұмыс жоспарын талқылап, ортақ мақсат жолында бірлесіп еңбек етуге дайын екендерін білдірді.

📎Айта кету керек, «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында 2023–2027 жылдары 907 нысан бейімделіп, мүгедектігі бар азаматтардың әлеуметтік инфрақұрылымға қолжетімділігі қамтамасыз етілді.

Тегтер
Инклюзия қоғамының дамуына жәрдемдесу Психологиялық қызмет институтының жұмыс істеуіне жәрдемдесу Өндірістегі әйел және гендерлік бюджеттендіру Ауылдық жерде әйелдердің бизнесін дамытуға және әйелдердің қаржылық сауаттылығын қамтамасыз етуге көмектесу Халықаралық ынтымақтастықты дамытуға жәрдемдесу

Тағы жаңалықтар

Барлығын көру
18 қазан, 2026

ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕР ДЕНСАУЛЫҚ ҮШІН БІР МАҚСАТТА ТОҒЫСТЫ

Жамбыл облысы Шу ауданында әйелдер денсаулығын қолдауға арналған «Әйел өмірі үшін» атты жүгіру өтті.

18 қазан, 2026

«Әйел өмірі үшін: сүт безі обырының алдын алу марафоны»

"Әйел өмірі үшін" ақпараттық айлығы аясындағы марафон Қордай ауданында жалғасты

11 сәуір, 2026

Ұлы ғалымның мұрасы мәңгілікке қалды!

28 қаңтар, 2026

«AMANAT» партиясының Ақтөбе филиалында әйелдер қанаты қызметінің 10 бағытының бірі - психоқызмет институтын қолдау аясында жұмыс отырысы өтті.

9 маусым, 2026

"Қабылда мені әлем"

Қ. Сыдиықұлы атындағы кітапханада ерекше қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеп отырған аналарға арналған «Қабылд...

12 ақпан, 2026

Облыстық «Ana serpini» әлеуметтік жобасы Жаңаөзенде басталды.

Мақсаты – әйелдер мен аналардың кәсіпкерлік әлеуетін арттыру, олардың бизнес бастамаларын қолдау, жаңа идеялар...