Алматыда Қазақстан мен Әзербайжан өкілдері әйелдер мен балаларды қолдау мәселелерін талқылады
«Әділет» партиясының Алматы қалалық филиалында партияның Әйелдер қанаты мен Әзербайжанның қоғамдық ұйымдары өкілдерінің қатысуымен «Әйелдер мен балаларды қолдау: тәжірибелер мен көмек көрсету тетіктері» тақырыбында жұмыс кездесуі өтті.

Кездесу барысында Қазақстан мен Әзербайжандағы әйелдер мен балаларды мемлекеттік және қоғамдық қолдау тетіктері, дағдарыс орталықтарының қызметі, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, сондай-ақ әлеуметтік, психологиялық және құқықтық көмек көрсету мәселелері талқыланды.
Іс-шарада мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдар мен әлеуметтік қызметтердің өзара іс-қимылын нығайтуға ерекше назар аударылды. Кездесу екі ел арасындағы тәжірибе алмасуға, тиімді қолдау тетіктерін талқылауға және әйелдер мен балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау бағытындағы ынтымақтастықты дамытуға мүмкіндік берді.