Алматыда партияның Әйелдер қанаты кәсіпкерлікті қолдау мәселелерін талқылады
Партияның Әйелдер қанатының бастамасымен Алматы қаласының Азаматтық орталығымен бірлесіп кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өтті.
Партияның Әйелдер қанатының бастамасымен Алматы қаласының Азаматтық орталығымен бірлесіп кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өтті.
Кездесуге «Даму» қорының, Алматы қаласының «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының, банк секторының өкілдері және кәсіпкерлер қатысты. Тараптар бизнестің күнделікті жұмысында кездесетін өзекті мәселелерді, сондай-ақ қолданыстағы мемлекеттік қолдау тетіктерін жетілдіру жолдарын талқылады.
Ашық диалог барысында қаржыландырудың қолжетімділігін арттыру, рәсімдердің ашықтығын қамтамасыз ету, жобаларды сүйемелдеу мен мониторингті жетілдіру бойынша нақты ұсыныстар айтылды.
Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылардың ұсыныстары жүйеленіп, одан әрі пысықтауға жолданады. Әйелдер қанаты кәсіпкерлермен тұрақты диалог орнатып, бизнестің дамуына кедергі келтіретін мәселелерді нақты шешімдер арқылы қарастыруды маңызды деп санайды.