Басты бет Тарихы Әйелдер қанатының құрылымы Жаңалықтар Байланыс
Қазақша | Орысша
Тіркелу
Әйелдердің саяси көшбасшылығын қ... 11 ақпан, 2026 Қызылорда облысы

AMANAT: Әйелдер қанаты – қоғамдық бастамалар алаңы

AMANAT: Әйелдер қанаты – қоғамдық бастамалар алаңы

Партияның аудандық филиалының мәжіліс залында «AMANAT» партиясы Шиелі аудандық филиалы Әйелдер қанаты жетекшілерінің қатысуымен Әйелдер қанаты – қоғамдық бастамалар алаңы тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтті. Жиын барысында елімізде кеңінен талқыланып жатқан Конституциялық реформа мәселелері бойынша пікір алмасу ұйымдастырылды.

Кездесу барысында жаңа Ата Заңның отбасы мен неке институтын нығайту, тіл мен дін мәселелерінің үйлесімді дамуы, білім беру жүйесін интеграциялау, цифрлық платформаларды енгізу, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, инклюзивті қоғамды дамыту, жұмыссыздықты азайту сияқты әлеуметтік маңызды бағыттардың тиімді іске асуына ықпал ететіні атап өтілді. Сонымен қатар заң мен тәртіп қағидатын нығайту, адал азамат қалыптастыру, экологиялық мәдениет пен отансүйгіштік құндылықтарды дәріптеу болашақ ұрпақ тәрбиесінде маңызды рөл атқаратыны айтылды.

Жиын барысында әйелдердің көшбасшылық әлеуетін дамыту, өндірістегі әйелдердің құқықтарын қорғау, гендерлік теңдікті ілгерілету, отбасылық құндылықтарды насихаттау, ғылым мен білім саласындағы әйелдердің рөлін арттыру, ауыл әйелдерінің кәсіпкерлігін қолдау, әйелдер мен балалардың денсаулығын жақсарту бағытындағы жоспарланған жұмыстар мен тиімді жобалар талқыланды.

Бүгінде «AMANAT» партиясы Шиелі аудандық филиалы Әйелдер қанаты мүшелері 10 бағыт бойынша жетекшілік етіп, қоғамдық ұйымдармен, үкіметтік емес сектор өкілдерімен және жергілікті атқарушы органдармен өзара ынтымақтастықта жүйелі жұмыстар жүргізуде. Әйелдер қанатының жұмысына Шиелі ауданы бойынша білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің әдіскері Нұрманова Сәуле Құрманәліқызы жетекшілік етеді.

Нәзікжандылардың саясаттағы, биліктегі, қоғамдағы және отбасындағы рөлі айрықша. Өзара ықпалдастық, тәжірибе алмасу, кәсіби және шығармашылық дамуға ұмтылу әйелдердің біліктілігін арттырып, қоғамдық белсенділігін нығайта түседі.

Тағы жаңалықтар

Барлығын көру
18 қазан, 2026

ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕР ДЕНСАУЛЫҚ ҮШІН БІР МАҚСАТТА ТОҒЫСТЫ

Жамбыл облысы Шу ауданында әйелдер денсаулығын қолдауға арналған «Әйел өмірі үшін» атты жүгіру өтті.

18 қазан, 2026

«Әйел өмірі үшін: сүт безі обырының алдын алу марафоны»

"Әйел өмірі үшін" ақпараттық айлығы аясындағы марафон Қордай ауданында жалғасты

8 мамыр, 2026

БАЛА ТӘРБИЕСІ БАСТЫ НАЗАРДА

7 наурыз, 2026

ӘЙЕЛ ЕҢБЕГІ – ЕЛ МЕРЕЙІ

8 маусым, 2026

Абай университетінде әйелдер көшбасшылығын дамытуға арналған жаңа EMBA бағдарламасы іске қосылды

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде әйелдердің көшбасшылық әлеуетін дамытуға бағытталған...

23 қаңтар, 2026

«Таңшолпан»: Қостанай облысында әйелдердің саяси көшбасшылығын дамытудың жаңа кезеңі

Теориялық бөлімнен кейін қатысушылар тәжірибелік сабақтарға көшіп, дебаттық сессияларға қатысты. Бес командаға...