Басты бет Тарихы Әйелдер қанатының құрылымы Жаңалықтар Байланыс
Қазақша | Орысша
Тіркелу
Әйелдердің саяси көшбасшылығын қ... 10 сәуір, 2026 Қызылорда облысы

AMANAT: МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ АЛМАГҮЛ БОЖАНОВАНЫҢ ӨМІР ЖОЛЫНА АРНАЛҒАН КӨРМЕ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

AMANAT: МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ АЛМАГҮЛ БОЖАНОВАНЫҢ ӨМІР ЖОЛЫНА АРНАЛҒАН КӨРМЕ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

"AMANAT" партиясының "Ардагерлерді ардақтайық" партиялық жобасы аясында аудандық әйелдер қанаты мүшелерінің ұйымдастыруымен «Руханият» орталығында мемлекет және қоғам қайраткері, Қызылорда облысының, Сырдария ауданының Құрметті азаматы, «Парасат», «Құрмет» ордендерінің иегері Алмагүл Божанқызының 80 жылдығына орай өнегелі өмір жолы мен еңбек қызметін насихаттайтын арнайы көрме ұйымдастырылды. 

Тағылымды іс-шараға қоғам қайраткері Әріп Хожбанов бастаған зиялы қауым өкілдері, "AMANAT" партиясы Сырдария аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Ақтөре Ибрагимұлы, партия ардагерлері, аудан тұрғындары, сондай-ақ қайраткер тұлғаның замандас әріптестері қатысты.

Көрмеге мемлекет және қоғам қайраткерінің алған марапаттары, архивтік құжаттары, фотосуреттері мен естелік заттары қойылып, саналы ғұмыры мен ел игілігі жолындағы ерен еңбегі жан-жақты таныстырылды. Іс-шара барысында аудан жастары Алмагүл Божановаға арналған арнау өлеңдерін оқып, рухани кештің мазмұнын байыта түсті. 

Іс-шара барысында сөз алған замандастары мен әріптестері Алмагүл Божанованың іскерлігі, адами болмысы, елге деген жанашырлығы туралы естеліктерімен бөлісіп, оның өнегелі өмір жолын айтып өтті. Сонымен қатар, ардагер ұстаз Торғаева Ділдахан жүрекжарды жырын оқып, көпшілікке ерекше әсер сыйлады.

Тағы жаңалықтар

Барлығын көру
18 қазан, 2026

ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕР ДЕНСАУЛЫҚ ҮШІН БІР МАҚСАТТА ТОҒЫСТЫ

Жамбыл облысы Шу ауданында әйелдер денсаулығын қолдауға арналған «Әйел өмірі үшін» атты жүгіру өтті.

18 қазан, 2026

«Әйел өмірі үшін: сүт безі обырының алдын алу марафоны»

"Әйел өмірі үшін" ақпараттық айлығы аясындағы марафон Қордай ауданында жалғасты

8 мамыр, 2026

БАЛА ТӘРБИЕСІ БАСТЫ НАЗАРДА

7 наурыз, 2026

ӘЙЕЛ ЕҢБЕГІ – ЕЛ МЕРЕЙІ

8 маусым, 2026

Абай университетінде әйелдер көшбасшылығын дамытуға арналған жаңа EMBA бағдарламасы іске қосылды

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде әйелдердің көшбасшылық әлеуетін дамытуға бағытталған...

23 қаңтар, 2026

«Таңшолпан»: Қостанай облысында әйелдердің саяси көшбасшылығын дамытудың жаңа кезеңі

Теориялық бөлімнен кейін қатысушылар тәжірибелік сабақтарға көшіп, дебаттық сессияларға қатысты. Бес командаға...