АРДАГЕРГЕ ҚҰРМЕТ – ЖАСТАРҒА МІНДЕТ
АРДАГЕРГЕ ҚҰРМЕТ – ЖАСТАРҒА МІНДЕТ «Әділет» партиясы Түркістан облыстық филиалының «Жастар рухы» жастар қанатының белсенділері партияның Түркістан қалалық филиалының жауапты қызметкерлерімен бірлесе «Ардагерлерді ардақтайық!» жобасы аясында Түркістан қаласының тұрғыны, жалғызілікті қария Ахметова Бақыткүлдің шаңырағына арнайы барып, үй шаруасына көмек көрсетті. Қарияның үйіне келген жастар ақ жаулықты әженің жағдайын сұрап, тұрмыс-тіршілігімен танысты, азық-түлік себетін табыстады. Күнделікті атқарылатын шаруалардың бірқатарын қолға алып, үйдің айналасын ретке келтірді, тазалық жұмыстарына көмектесті. Сырт көзге қарапайым көрінгенімен, мұндай көмек жалғыз тұратын үлкен кісі үшін үлкен демеу болды. Жастардың өзін арнайы іздеп келіп, қолдау көрсетуі Бақыткүл апаның көңіліне жылу сыйлады. Қария жастарға ақ батасын беріп, ризашылығын білдірді.
АРДАГЕРГЕ ҚҰРМЕТ – ЖАСТАРҒА МІНДЕТ
«Әділет» партиясы Түркістан облыстық филиалының «Жастар рухы» жастар қанатының белсенділері партияның Түркістан қалалық филиалының жауапты қызметкерлерімен бірлесе «Ардагерлерді ардақтайық!» жобасы аясында Түркістан қаласының тұрғыны, жалғызілікті қария Ахметова Бақыткүлдің шаңырағына арнайы барып, үй шаруасына көмек көрсетті.
Қарияның үйіне келген жастар ақ жаулықты әженің жағдайын сұрап, тұрмыс-тіршілігімен танысты, азық-түлік себетін табыстады. Күнделікті атқарылатын шаруалардың бірқатарын қолға алып, үйдің айналасын ретке келтірді, тазалық жұмыстарына көмектесті. Сырт көзге қарапайым көрінгенімен, мұндай көмек жалғыз тұратын үлкен кісі үшін үлкен демеу болды. Жастардың өзін арнайы іздеп келіп, қолдау көрсетуі Бақыткүл апаның көңіліне жылу сыйлады. Қария жастарға ақ батасын беріп, ризашылығын білдірді.