Басты бет Тарихы Әйелдер қанатының құрылымы Жаңалықтар Байланыс
Қазақша | Орысша
Тіркелу
Әйелдердің саяси көшбасшылығын қ... 21 қаңтар, 2026 Қызылорда облысы

АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ: САЛА АРДАГЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ: САЛА АРДАГЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

«AMANAT» партиясы Сырдария аудандық филиалының Атқарушы хатшысы, аудандық мәслихат депутаты Ақтөре Ибрагимұлы, «Әкімдік» бастауыш партия ұйымының төрайымы және әйелдер қанатының мүшесі Салтанат Бекжүнісова аудандық ауруханада ұзақ жыл жемісті еңбек етіп, зейнет демалысына шығып жатқан сала ардагері Күнсұлу Жетібаеваны қуанышымен құттықтап, құрмет көрсетті.

– Құрметті Күнсұлу Әбдірахманқызы, Сізді «AMANAT» партиясы Сырдария аудандық филиалының, аудандық мәслихаттағы депутаттық фракцияның атынан ардагерлік кезеңге абыроймен жету қуанышыңызбен шын жүректен құттықтаймын. Мемлекет басшысының сенімді саяси тірегіне айналған «AMANAT» партиясы өз жақтастары мен мүшелерін әркез қолдап келеді. Сіз 2003 жылдан бері «AMANAT» партиясының мүшесі ретінде жетекші партияның қалыптасуы мен дамуына, талай кезеңдерді абыроймен өткеруіне өз үлесіңізді қостыңыз. Ауданның денсаулық сақтау саласында атқарған табанды еңбегіңізді жоғары бағалаймыз және алдағы уақытта сала ардагері ретінде отбасы құндылығын нығайту мен қоғам игілігі жолында үлгі-өнеге көрсетеді деп сенеміз. Сізді мерейлі мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтап, деніңізге саулық, отбасыңызға амандық, бақ-береке тілейміз!, – деді Ақтөре Ибрагимұлы.

Өз кезегінде сала ардагері Күнсұлу Жетібаеваны әріптестерінің атынан білікті дәрігер А.Қарсанқызы, сондай-ақ көршілері, туыстары мен ұрпақтары да құттықтап, құрмет көрсетті. Аудандық мәдениет үйінің көркемөнерпаздары әннен шашу шашып, жиналғандарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Мерейтой иесі ізгі лебіз білдірген, құрмет көрсеткен барша жанға шынайы алғысын айтып, ризашылығын жеткізді.

Тағы жаңалықтар

Барлығын көру
23 маусым, 2026

Жаңа бастамалар мен нақты істер алаңы

Сарысу ауданында өткен Әйелдер қанатының отырысында әйелдердің көшбасшылығын дамыту, қоғамдық белсенділігін ар...

16 маусым, 2026

«Айша бибі» көшбасшылық мектебінде кезекті семинар өтті

Өңірлік «Айша бибі» көшбасшылық мектебінің семинарында белсенді әйелдер көшбасшылық, командамен жұмыс, көпшілі...

8 мамыр, 2026

БАЛА ТӘРБИЕСІ БАСТЫ НАЗАРДА

29 мамыр, 2026

Дағдарыс орталығының әйелдерімен кездесу

Әйелдер қанатының мүшелері Балжан Қожабекқызы мен Гүлнара Жақсылықызы “Отбасы банк” қызметкерлерімен бірлесіп,...

6 мамыр, 2026

Әйелдердің қоғамдағы белсенділігін арттыру – басты назарда

"AMANAT" партиясының «Әйелдер аманаты» жобасы аясында Түлкібас ауданында белсенді әйелдермен мазмұнды кездесу...

8 мамыр, 2026

«AMANAT»: Қонаевта депутаттар мен әкімдер халықпен жұмыс істеудің жаңа тәсілдерін меңгеруде

Қонаев қаласында «AMANAT» партиясы Саяси менеджмент академиясының ұйымдастыруымен функционалдық құзыретті дамы...