Арнайы балалар мекемелерінде балалар құқықтарының сақталуы мен жүзеге асырылуы мәселелеріне арналған кездесу
Солтүстік Қазақстан облыстық «AMANAT» партиясы жанындағы әйелдер қанатының бастамасымен балалардың құқықтарын іске асыру мәселелері талқыланды.
5 мамыр күні «AMANAT» партиясының алаңында мамандандырылған балалар мекемелерінде балалардың құқықтарын сақтау және іске асыру мәселелеріне арналған жұмыс кездесуі өтті.
Іс-шара партияның әйелдер қанатының қолдауымен ұйымдастырылып, балалар құқықтарын қорғау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Кездесуге сала мамандары, мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты. Сонымен қатар, бейнеконференцбайланыс арқылы ведомстволық ұйымдардың өкілдері де қосылды.
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі Жұмабаев Жанат Жеңісұлы өз сөзінде мамандандырылған мекемелерде анықталатын бірқатар өзекті мәселелерге тоқталды. Атап айтқанда, балаларға деген қарым-қатынас, «жасырын бөлмелердің» болуы, тамақтандыруды ұйымдастыру және медициналық көмек көрсету мәселелері көтерілді.
Облыстық мәслихат депутаты, «AMANAT» партиясы жанындағы әйелдер қанатының мүшесі Сұрағанова Сәуле Қуандыққызы осындай мекемелерге жүргізілген мониторинг барысында медициналық қызмет көрсету саласында бірқатар кемшіліктер анықталғанын атап өтті. Атап айтқанда, балалардың аурулары тіркелмейді, олардың себептері көрсетілмейді және басқа да маңызды деректер құжатталмайды.
Инклюзия мәселелеріне де ерекше назар аударылды. Қалалық мәслихат депутаты Сабитов Салимхан Жанатұлы «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясындағы «Шексіз мүмкіндік» қосалқы жобасы туралы баяндады. Ол Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Білім басқармасы өкілдеріне ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды орта арнаулы және жоғары оқу орындарына түсу кезінде, сондай-ақ кейін оларды жұмысқа орналастыру барысында сүйемелдеу бойынша қолдау көрсетуді сұрады.
Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар балалардың құқықтарын қорғау тетіктерінің тиімділігін арттыруға бағытталған бірлескен шешімдер қабылдау қажеттігін атап өтті.