Басты бет Тарихы Әйелдер қанатының құрылымы Жаңалықтар Байланыс
Қазақша | Орысша
Тіркелу
Әйелдердің денсаулығын және отба... 7 қазан, 2026 Түркістан облысы

«ӘЙЕЛ ӨМІРІ ҮШІН»

Сүт безі обыры туралы республикалық ақпараттандыру айлығы аясында Кентау қаласында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – әйелдер арасында сүт безі обырының алдын алу, ерте анықтау және тұрақты медициналық тексеруден өтудің маңыздылығын түсіндіру.

«ӘЙЕЛ ӨМІРІ ҮШІН»

Республикалық ақпараттандыру айлығы аясында «Сүт безінің саулығы туралы 5 минут» ақпараттық кездесуі және «Тексерілуге уақыт бөл» республикалық ашық есік күні ұйымдастырылды. Кездесу барысында мамандар әйелдерге сүт безі ауруларының алдын алу, алғашқы белгілеріне мән беру және уақытылы медициналық тексеруден өтудің маңыздылығы туралы кеңестер берді.

Іс-шараға «Әділет» партиясы Кентау қалалық филиалының басшысы Басаров Арман Амангелдіұлы, Кентау қалалық емхана басшысының ана мен бала денсаулығын қорғау жөніндегі орынбасары Утегенова Алия Сагидулатовна, жоғары санатты дәрігер онколог-маммолог Ақмалаева Жұлдыз Өмірзаққызы,  «Өркен» емханасының онколог-маммологы Тайталиева Лейла Нұрғалиқызы, сондай-ақ қалалық әйелдер қанатының мүшелері қатысты.

Сонымен қатар, «Денсаулық керуені» жобасы аясында тұрғындарға бейінді мамандардың кеңесі ұсынылып, клиникалық көрсетілімдерге сәйкес қажетті зерттеулерге жолдау және скринингтік тексерулерге қатысу тәртібі жөнінде ақпарат берілді. Тексерулер медициналық ұйымдардың мүмкіндіктері мен қолданыстағы тәртіп талаптарына сәйкес жүргізілді.

Мамандар әйелдерді өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға, профилактикалық тексерулерден уақытылы өтуге және аурудың алдын алуға шақырды.

Әйел денсаулығы – отбасы мен қоғам саулығының маңызды кепілі. Денсаулыққа уақыт бөлу – өз өміріңе қамқорлық жасау!

 

6ac5f36e72f09.jpg

 

6ac5f343e4362.jpg
6ac5f34acafca.jpg

 

Тағы жаңалықтар

Барлығын көру
18 қазан, 2026

ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕР ДЕНСАУЛЫҚ ҮШІН БІР МАҚСАТТА ТОҒЫСТЫ

Жамбыл облысы Шу ауданында әйелдер денсаулығын қолдауға арналған «Әйел өмірі үшін» атты жүгіру өтті.

18 қазан, 2026

«Әйел өмірі үшін: сүт безі обырының алдын алу марафоны»

"Әйел өмірі үшін" ақпараттық айлығы аясындағы марафон Қордай ауданында жалғасты

14 мамыр, 2026

«АНАЛАР АМАНАТЫ» СӘУКЕЛЕ ШЕРУІМЕН АЙШЫҚТАЛДЫ

⚜️«AMANAT» партиясы Шардара аудандық филиалы жанындағы Әйелдер қанатының ұйымдастыруымен партияның «Ұлттық мұр...

13 ақпан, 2026

Салауатты сана, Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт

"Салауатты сана", "Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт" жобалары аясында Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы №11 кол...

1 сәуір, 2026

Петропавл қаласында «Vildana Studio» сұлулық салонының иесі Вильдана Қожахметова «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында тегін курс ұйымдастырды.

Петропавлда «AMANAT» партиясы Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы жанындағы әйелдер қанатының мүшесі, «Vildan...

7 наурыз, 2026

ӘЙЕЛ ЕҢБЕГІ – ЕЛ МЕРЕЙІ