Басты бет Тарихы Әйелдер қанатының құрылымы Жаңалықтар Байланыс
Қазақша | Орысша
Тіркелу
Инклюзия қоғамының дамуына жәрде... 4 қыркүйек, 2026 Түркістан облысы

«Әйелдер қанаты – әр баланың нық қадамына қолдау!»

Акцияның негізгі мақсаты – әлеуметтік осал топқа жататын отбасылардың мектеп жасындағы балаларына қолдау көрсетіп, олардың жаңа оқу жылына қажетті оқу құралдарымен дайындалуына көмектесу.

«Әйелдер қанаты – әр баланың нық қадамына қолдау!»

«Әйелдер қанаты – әр баланың нық қадамына қолдау!» 

Жаңа оқу жылы қарсаңында «Әділет» партиясы Бәйдібек аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Мектепке нық қадаммен» атты қайырымдылық акциясы өтті.

Акцияның негізгі мақсаты – әлеуметтік осал топқа жататын отбасылардың мектеп жасындағы балаларына қолдау көрсетіп, олардың жаңа оқу жылына қажетті оқу құралдарымен дайындалуына көмектесу.

Игі бастамаға қолдау білдірген «Әділет» партиясы Бәйдібек аудандық филиалының «Шаян» БПҰ төрағасы, «Бәйдібек-несие» КС ЖШС басқарма төрағасы Әбілдәбек Жазылбек, сондай-ақ облыстық және аудандық мәслихат депутаттарының қолдауымен бірқатар отбасының балаларына мектеп сөмкелері, оқу құралдары мен кеңсе жабдықтары табысталды.

Баланың мектепке қуана баруы – ата-ана үшін үлкен бақыт. Ал осындай сәтте жанынан табылып, аз да болса қолдау көрсету – қоғамдағы мейірім мен жауапкершіліктің көрінісі.

«Әйелдер қанаты» ретінде біз балаға қамқорлық көрсету, отбасын қолдау және әлеуметтік жауапкершілікті арттыру бағытындағы игі бастамаларды әрдайым қолдаймыз.

Балалардың жүзіндегі қуаныш – бүгінгі акцияның ең үлкен нәтижесі. 

Балаға берілген әрбір қолдау – оның ертеңіне жасалған инвестиция.

Бірге қолдайық, бірге қуантайық, бірге нық қадам басайық! 


 

Тағы жаңалықтар

Барлығын көру
18 қазан, 2026

ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕР ДЕНСАУЛЫҚ ҮШІН БІР МАҚСАТТА ТОҒЫСТЫ

Жамбыл облысы Шу ауданында әйелдер денсаулығын қолдауға арналған «Әйел өмірі үшін» атты жүгіру өтті.

18 қазан, 2026

«Әйел өмірі үшін: сүт безі обырының алдын алу марафоны»

"Әйел өмірі үшін" ақпараттық айлығы аясындағы марафон Қордай ауданында жалғасты

14 мамыр, 2026

«АНАЛАР АМАНАТЫ» СӘУКЕЛЕ ШЕРУІМЕН АЙШЫҚТАЛДЫ

⚜️«AMANAT» партиясы Шардара аудандық филиалы жанындағы Әйелдер қанатының ұйымдастыруымен партияның «Ұлттық мұр...

6 мамыр, 2026

Әйелдердің қоғамдағы белсенділігін арттыру – басты назарда

"AMANAT" партиясының «Әйелдер аманаты» жобасы аясында Түлкібас ауданында белсенді әйелдермен мазмұнды кездесу...

9 маусым, 2026

"Қабылда мені әлем"

Қ. Сыдиықұлы атындағы кітапханада ерекше қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеп отырған аналарға арналған «Қабылд...

11 сәуір, 2026

Ұлы ғалымның мұрасы мәңгілікке қалды!