Басты бет Тарихы Әйелдер қанатының құрылымы Жаңалықтар Байланыс
Қазақша | Орысша
Тіркелу
Ғылымдағы әйелдерді қолдау 30 қыркүйек, 2026 Түркістан облысы

ӘЙЕЛДЕР ҚАНАТЫ ҒЫЛЫМҒА ҰМТЫЛҒАН ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Кездесудің негізгі мақсаты – әйел ғалымдардың тәжірибесін жастарға жеткізу, ғылымға қызығушылықты арттыру және білім мен ғылым саласындағы кәсіби мүмкіндіктер туралы ашық пікір алмасу

ӘЙЕЛДЕР ҚАНАТЫ ҒЫЛЫМҒА ҰМТЫЛҒАН ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ

✅ «Әділет» партиясы Түркістан облыстық филиалы Әйелдер қанатының бастамасымен «Ғылымдағы әйелдер» тақырыбында кездесу өтті.

✅Іс-шарада ғалым әйелдер жастарға ғылымдағы тәжірибесімен бөлісіп, білімге ұмтылу, үздіксіз іздену және заманауи технологияларды меңгерудің маңызын атап өтті.

✅«Әділет» партиясының құндылықтарының қатарында еңбекқорлық, жауапкершілік және прогресс қағидаттары айрықша орын алады. Бұл құндылықтар білім мен ғылым саласында да маңызды. Өз ісіне жауапкершілікпен қарап, үздіксіз білім алуға және жаңа дүниені үйренуге ұмтылған жас – елдің болашағына инвестиция жасайды.

✅Бүгінгі кездесудің негізгі мақсаты – әйел ғалымдардың тәжірибесін жастарға жеткізу, ғылымға қызығушылықты арттыру және білім мен ғылым саласындағы кәсіби мүмкіндіктер туралы ашық пікір алмасу.

✅Кездесуде қыздардың ғылымға қызығушылығын арттыру, ғылыми орта мен жастар арасындағы байланысты нығайту мәселелері талқыланды.

✅Жастар ғалымдарға өз сұрақтарын қойып, пікір алмасты. Іс-шара соңында қатысушылар колледждің материалдық-техникалық базасымен танысты

Тағы жаңалықтар

Барлығын көру
18 қазан, 2026

ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕР ДЕНСАУЛЫҚ ҮШІН БІР МАҚСАТТА ТОҒЫСТЫ

Жамбыл облысы Шу ауданында әйелдер денсаулығын қолдауға арналған «Әйел өмірі үшін» атты жүгіру өтті.

18 қазан, 2026

«Әйел өмірі үшін: сүт безі обырының алдын алу марафоны»

"Әйел өмірі үшін" ақпараттық айлығы аясындағы марафон Қордай ауданында жалғасты

14 мамыр, 2026

«АНАЛАР АМАНАТЫ» СӘУКЕЛЕ ШЕРУІМЕН АЙШЫҚТАЛДЫ

⚜️«AMANAT» партиясы Шардара аудандық филиалы жанындағы Әйелдер қанатының ұйымдастыруымен партияның «Ұлттық мұр...

13 ақпан, 2026

Салауатты сана, Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт

"Салауатты сана", "Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт" жобалары аясында Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы №11 кол...

11 сәуір, 2026

Ұлы ғалымның мұрасы мәңгілікке қалды!

24 мамыр, 2026

Болашақ көшбасшылығы: цифрландыру, жасанды интеллект және жаңа мүмкіндіктер

Nazarbayev University қабырғасында EMBA бағдарламасы аясында «Көшбасшылық 5.0: корпоративтік басқарудағы цифрл...