Басты бет Тарихы Әйелдер қанатының құрылымы Жаңалықтар Байланыс
Қазақша | Орысша
Тіркелу
Өндірістегі әйел және гендерлік... 6 ақпан, 2026 Қызылорда облысы

«Әйелдер қанаты – қоғамның дамуына үлес қосатын күш» кәсіпкер әйелдермен кездесу

«AMANAT» партиясы Жаңақорған аудандық филиалына қарасты «Орталық» бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен «Әйелдер қанаты – қоғамның дамуына үлес қосатын күш» кәсіпкер әйелдермен кездесуі өтті.

«Әйелдер қанаты – қоғамның дамуына үлес қосатын күш» кәсіпкер әйелдермен кездесу

Бүгін «AMANAT» партиясы Жаңақорған аудандық филиалына қарасты «Орталық» бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен «Әйелдер қанаты – қоғамның дамуына үлес қосатын күш» кәсіпкер әйелдермен кездесуі өтті. Жиынды «Орталық» бастауыш партия ұйымының төрайымы Мамирова Алмагүл жүргізді. Аталған кездесудің мақсаты – әйелдер кәсіпкерлігінің қоғам дамуына қосатын үлесін айқындау, іскер әйелдердің кәсіби тәжірибесімен бөлісуіне жағдай жасау, сондай-ақ әйелдердің әлеуметтік-экономикалық белсенділігін арттыру мәселелері талқыланды.

Қазіргі қоғамда кәсіпкер әйелдер әлеуметтік-экономикалық дамудың маңызды қозғаушы күшіне айналып отыр. Олар жаңа жұмыс орындарын құру, әлеуметтік бастамаларды қолдау, тұрақты даму қағидаттарын ілгерілету арқылы қоғамның өркендеуіне елеулі үлес қосуда.