ӘЙЕЛДЕР ҚАНАТЫ: САНАЛЫ АТА-АНА – САЛАУАТТЫ ҰРПАҚ
Әйелдер қанаты үшін әйел мәселесі – тек құқық қорғаумен шектелмейді. Әйелдің отбасындағы жағдайы, оның бала тәрбиесіне қатысуы, өз құқықтары мен міндеттерін білуі, отбасындағы психологиялық ахуалдың тұрақтылығы – барлығы бір-бірімен тығыз байланысты.
ӘЙЕЛДЕР ҚАНАТЫ: САНАЛЫ АТА-АНА – САЛАУАТТЫ ҰРПАҚ
Бүгін Боралдай ауылындағы кітапханада «Саналы ата-ана – бала тәрбиесінің тірегі» тақырыбында тағылымды кездесу өтті.
Кездесуге Әйелдер қанатының өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар және қоғам белсенділері қатысып, отбасы құндылығы, бала тәрбиесі және ата-ананың жауапкершілігі төңірегінде маңызды ойлар ортаға салынды.
Кездесуде әсіресе әйелдің отбасындағы орны мен рөліне, ана тәрбиесінің бала тұлғасының қалыптасуындағы маңызына, отбасындағы өзара сыйластық пен жауапкершілікке ерекше мән берілді.
Әйелдер қанаты үшін әйел мәселесі – тек құқық қорғаумен шектелмейді. Әйелдің отбасындағы жағдайы, оның бала тәрбиесіне қатысуы, өз құқықтары мен міндеттерін білуі, отбасындағы психологиялық ахуалдың тұрақтылығы – барлығы бір-бірімен тығыз байланысты.
Сондықтан біз үшін саналы ата-ана қалыптастыру, отбасылық құндылықтарды нығайту, бала тәрбиесіне қоғамның назарын аудару және әйелдердің қоғамдық белсенділігін арттыру – маңызды бағыттардың бірі.
Осындай кездесулер арқылы әйелдер мен ата-аналарға қажетті ақпарат беріп қана қоймай, қоғамдық ұйымдар мен тиісті мекемелердің бірлескен жұмысын күшейтуге мүмкіндік бар.
Бала тәрбиесі – бір отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ жауапкершілігі. Ал саналы ұрпақ тәрбиелеу – саналы ата-анадан басталады.
Әйелдер қанаты алдағы уақытта да әйел, отбасы және бала мәселелеріне қатысты өзекті тақырыптарды көтеріп, қоғамдық ұйымдармен бірлесе отырып түсіндіру, қолдау және алдын алу бағытындағы жұмыстарын жалғастыра береді.
#ӘйелдерҚанаты
#СаналыАтаАна
#БалаТәрбиесі
#ОтбасыҚұндылығы
#ӘйелЖәнеОтбасы
#СаналыҰрпақ
#БәйдібекАуданы