Басты бет Тарихы Әйелдер қанатының құрылымы Жаңалықтар Байланыс
Қазақша | Орысша
Тіркелу
Әйелдердің саяси көшбасшылығын қ... 18 қыркүйек, 2026 Қостанай облысы

Балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша бірыңғай қабылдау өтті

18 қыркүйекте «Әділет» партиясы Қостанай облыстық филиалының қоғамдық қабылдауында партияның Әйелдер қанатының бастамасымен Ұлттық «Қазақстан балалары» бағдарламасы аясында балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша бірыңғай тақырыптық қабылдау өтті.

Балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша бірыңғай қабылдау өтті

Балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша бірыңғай қабылдау өтті

18 қыркүйекте «Әділет» партиясы Қостанай облыстық филиалының қоғамдық қабылдауында партияның Әйелдер қанатының бастамасымен Ұлттық «Қазақстан балалары» бағдарламасы аясында балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша бірыңғай тақырыптық қабылдау өтті.

Оған партияның Әйелдер қанатының жетекшісі Гүлсара Жаманкулова, Қостанай облыстық адвокаттар алқасының мүшесі Арайлым Аманкулова, облыстық және қалалық білім беру басқармаларының, Балалардың құқықтарын қорғау басқармасының, тұрғын үй қатынастары және Қостанай қаласының Мансап орталығының өкілдері, сондай-ақ қиын өмірлік жағдайға тап болған адамдарға арналған бейімдеу орталығының басшысы қатысты.

Кездесудің негізгі мақсаты – азаматтармен тікелей диалог орнату, балалардың құқықтарын қорғау, қауіпсіздігін қамтамасыз ету және отбасыларға әлеуметтік қолдау көрсету мәселелерін қарау, сондай-ақ азаматтарға құқықтық және консультативтік көмек көрсету.

Қабылдау барысында балалардың отбасына қайтарылуы, мектепке дейінгі ұйымдарға орналастыру, атаулы әлеуметтік көмек алу, балаларды тамақтандыруға берілетін жеңілдіктер, тіркеу мәселелері және отбасының әлеуметтік жағдайына қатысты бірқатар өтініш қаралды.

Азаматтардың бірі немерелерін отбасына қайтару мәселесі бойынша жүгінді. Балалардың қазіргі уақытта Балаларды бейімдеу орталығында орналасқаны айтылды. Өтініш иесіне қолданыстағы заңнама талаптары түсіндірілді. Қазіргі уақытта мәселені сот тәртібімен шешу бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде. Балалардың одан әрі тұратын жері және оларды ата-анасына қайтару мүмкіндігі сот талқылауы шеңберінде айқындалатын болады.

Көпбалалы отбасы өкілі мектепке дейінгі жастағы балаларға тегін тамақтану және атаулы әлеуметтік көмек алу мәселесі бойынша кеңес алды. Оған АӘК тағайындау тәртібі мен қажетті талаптар түсіндірілді. Сонымен қатар, отбасының әлеуметтік жағдайын ескере отырып, тиісті мемлекеттік қолдау шараларына жүгіну жолдары айтылды.

Тегтер
Әйелдердің саяси көшбасшылығын қолдау және заң жобаларының гендерлік сараптамасын ұйымдастыру Әйелдер зорлық-зомбылыққа қарсы Инклюзия қоғамының дамуына жәрдемдесу Психологиялық қызмет институтының жұмыс істеуіне жәрдемдесу Өндірістегі әйел және гендерлік бюджеттендіру Әйелдердің денсаулығын және отбасы институтын нығайтуға көмектесу Қоғамда цифрлық теңдікті қамтамасыз етуге жәрдемдесу

Тағы жаңалықтар

Барлығын көру
18 қазан, 2026

ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕР ДЕНСАУЛЫҚ ҮШІН БІР МАҚСАТТА ТОҒЫСТЫ

Жамбыл облысы Шу ауданында әйелдер денсаулығын қолдауға арналған «Әйел өмірі үшін» атты жүгіру өтті.

18 қазан, 2026

«Әйел өмірі үшін: сүт безі обырының алдын алу марафоны»

"Әйел өмірі үшін" ақпараттық айлығы аясындағы марафон Қордай ауданында жалғасты

23 қаңтар, 2026

«Таңшолпан»: Қостанай облысында әйелдердің саяси көшбасшылығын дамытудың жаңа кезеңі

Теориялық бөлімнен кейін қатысушылар тәжірибелік сабақтарға көшіп, дебаттық сессияларға қатысты. Бес командаға...

10 сәуір, 2026

«ҒАЛЫМ TALKS: ҒЫЛЫМНАН БИЗНЕСКЕ»

Состоялась экспертная сессия «Ғылым Talks: от науки к бизнесу», организованная Женским крылом партии AMANAT со...

3 маусым, 2026

«Ананың амандығы – баланың бақыты: балаға сапалы уақыт арнаудың сыры» тақырыбында тәжірибе алмасу сағаты өтілді.

03.06.2026 күні отбасы құндылығын дәріптеу, ана мен бала амандығын сақтау, ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жа...

8 мамыр, 2026

«ЦИФРЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ: САНАЛЫ ҚОЛДАНУ МӘДЕНИЕТІ»

Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты «Белсе...