Балаларға қуаныш сыйлаған қайырымдылық акциясы
Отбасы апталығы аясында «Әділет» партиясы Бәйдібек аудандық Әйелдер қанатының сүйемелдеуімен және аудандық Отбасын қолдау орталығының үйлестіруімен қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды.
Балаларға қуаныш сыйлаған қайырымдылық акциясы ❤️
Отбасы апталығы аясында «Әділет» партиясы Бәйдібек аудандық Әйелдер қанатының сүйемелдеуімен және аудандық Отбасын қолдау орталығының үйлестіруімен қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды.
Акция аясында 10 отбасының балаларына демеушілердің қолдауымен киім-кешек тарту етілді. Шаян ауылындағы «Абзал киім» дүкенінен балаларға қажетті киімдер алынып, отбасыларға табысталды.
Балалардың қуанышы мен ата-аналардың алғысы – бұл игі істің ең үлкен нәтижесі.
Қолдау көрсетіп, қайырымды іске үлес қосқан демеушілерге алғысымызды білдіреміз! Жақсылық көбейе берсін! 🤍
#OTBASYM2026
#ОтбасыКүні2026
#Деньсемьи2026