Басты бет Тарихы Әйелдер қанатының құрылымы Жаңалықтар Байланыс
Қазақша | Орысша
Тіркелу
Жаңалықтар 1 маусым, 2026 Шығыс Қазақстан облысы

Барша балалар мен ата-аналарды Балаларды қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Балалар біздің өмірімізді нұрға бөлеп, оған мән-мағына, арман мен болашаққа деген сенім сыйлайды.

Барша балалар мен ата-аналарды Балаларды қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Құрметті достар!

Балалар біздің өмірімізді нұрға бөлеп, оған мән-мағына, арман мен болашаққа деген сенім сыйлайды. Сондықтан Балаларды қорғау күні - күнтізбедегі кезекті мереке ғана емес, өскелең ұрпаққа қандай орта қалыптастырып, қандай құндылықтар қалдыратынымызды еске салатын маңызды күн.

Университетімізде бұл мереке игі дәстүрге айналған. Жыл сайын қызметкерлеріміздің балалары үшін мерекелік іс-шара ұйымдастырып, оларға қуанышқа, шығармашылыққа және жарқын әсерлерге толы ерекше күн сыйлауға тырысамыз. Біз үшін бұл тек мереке ғана емес, адамдарға қамқорлық көрсетуге, отбасылық құндылықтарды қолдауға негізделген университеттің әлеуметтік мәдениетінің маңызды бөлігі.

Бүгін балалардың шат күлкісі мен қуанышты жүздерін көргенде, ең құнды инвестиция - балаларға салынған инвестиция екенін тағы бір мәрте түсінеміз. Олардың біліміне, жан-жақты дамуына, қауіпсіздігі мен әл-ауқатына жасалған әрбір қамқорлық - еліміздің ертеңіне қосылған үлес. Себебі дәл осы балалар болашақта ғылымды, технологияны және қоғамды алға бастырады.

Әрбір бала мейірім мен қамқорлыққа бөленіп өссін, армандаудан қорықпасын, өз қабілеттерін еркін дамытып, болашағына сеніммен қарасын.

Барша балалар мен ата-аналарды Балаларды қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймын! Әр шаңырақтан баланың шат күлкісі естіліп, әр күн қуаныш пен бақытқа толы болсын!

Тағы жаңалықтар

Барлығын көру
18 тамыз, 2026

Qolqanat жобасы аясында «Ішкі тірек» кездесуі ұйымдастырылды

Qolqanat жобасы аясында «Ішкі тірек» кездесуі ұйымдастырылды

7 тамыз, 2026

«Әділет» партиясының Бастауыш партия ұйымдарының республикалық форумы өтті.

«Әділет» партиясының Бастауыш партия ұйымдарының республикалық форумы өтті.

6 мамыр, 2026

«AMANAT Керуені»

«AMANAT Керуені»: Шығыс Қазақстан облысында «AMANAT» партиясының ауқымды акциясы бастау алды

4 маусым, 2026

В рамках акции «AMANAT Керуені» в посёлке Новая Бухтарма состоялся выезд специалистов

В рамках акции «AMANAT Керуені» в посёлке Новая Бухтарма состоялся выезд специалистов

7 тамыз, 2026

«Әділет» партиясы: Қазақстан – зайырлы мемлекет, ал «Заң және тәртіп» қағидаты баршаға міндетті

«Әділет» партиясы: Қазақстан – зайырлы мемлекет, ал «Заң және тәртіп» қағидаты баршаға міндетті

3 тамыз, 2026

Ананың өнегесі – ұлт тәрбиесінің өзегі

Ананың өнегесі – ұлт тәрбиесінің өзегі