Басты бет Тарихы Әйелдер қанатының құрылымы Жаңалықтар Байланыс
Қазақша | Орысша
Тіркелу
Әйелдердің денсаулығын және отба... 11 қыркүйек, 2026 Түркістан облысы

БӘЙДІБЕК АУДАНЫ: ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАСАУ – ЖҮРЕКТЕН

11 қыркүйек күні «Әділет» партиясы Бәйдібек аудандық Әйелдер қанаты қоғамдық ұйымының бастамасымен, аудандық Отбасын қолдау орталығының үйлестіруімен ерекше назар мен қолдауды қажет ететін отбасыларға бағытталған қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Бұл – «Әділет» партиясының қоғамдағы әлеуметтік жауапкершілікті арттыруға, көмекке мұқтаж азаматтардың мәселесіне бейжай қарамауға бағытталған игі бастамаларының бірі.

БӘЙДІБЕК АУДАНЫ: ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАСАУ – ЖҮРЕКТЕН

Акция барысында ауданымыздағы әлеуметтік осал санатқа жататын әйелдерге, мүгедектігі бар азаматтарға және көпбалалы аналарға қолдау көрсетілді. Бірқатар отбасыларға азық-түлік себеттері табысталып, күнделікті тұрмысқа қажетті нақты көмек ұсынылды.

«Әділет» партиясының осындай бастамаларының маңызы – қайырымдылықты бір реттік көмек ретінде ғана емес, қоғамдағы өзара қолдау мен адамгершілік құндылықтарын нығайтатын ортақ жауапкершілік ретінде қалыптастыруында.

Әйелдер қанаты үшін отбасы, ана мен бала мәселесі, әлеуметтік қолдауды қажет ететін азаматтардың жағдайына назар аудару – маңызды бағыттардың бірі. Осы ретте бүгінгі акция да мұқтаж жандардың жанынан табылып, олардың мәселесіне назар аударудың нақты көрінісі болды.

Қайырымдылық – тек материалдық көмек емес. Бұл – адамның жағдайын сұрау, мұңын тыңдау, қиын сәтінде жанынан табылу. Кейде бір себет азық-түлік отбасы үшін үлкен қолдау болса, бір ауыз жылы сөз оның ертеңгі күнге деген сенімін арттыруы мүмкін.

Осындай игі істер арқылы біз қоғамда мейірімділік пен жанашырлықтың, өзара көмектің құндылығын дәріптейміз.

«Жақсылық жасап жарысайық!» деген ұстаныммен қолға алынған бұл бастама алдағы уақытта да жалғасын табады деп сенеміз.

Игі шараның өтуіне атсалысқан демеушілерге, ұйымдастырушыларға және белсенді азаматтарға шынайы алғысымызды білдіреміз!

Сіздердің қолдауларыңыз – көмекке мұқтаж отбасы үшін нақты демеу, ал қоғам үшін ізгіліктің жарқын үлгісі.

Жақсылықтың үлкен-кішісі болмайды.

Бір отбасыға жасалған көмек – тұтас қоғамның мейірімін көрсетеді.

6aa3de306dc65.jpg
6aa3de306f976.jpg
6aa3de309a25d.jpg
6aa3de306b6ff.jpg

 

Тағы жаңалықтар

Барлығын көру
18 қазан, 2026

ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕР ДЕНСАУЛЫҚ ҮШІН БІР МАҚСАТТА ТОҒЫСТЫ

Жамбыл облысы Шу ауданында әйелдер денсаулығын қолдауға арналған «Әйел өмірі үшін» атты жүгіру өтті.

18 қазан, 2026

«Әйел өмірі үшін: сүт безі обырының алдын алу марафоны»

"Әйел өмірі үшін" ақпараттық айлығы аясындағы марафон Қордай ауданында жалғасты

14 мамыр, 2026

«АНАЛАР АМАНАТЫ» СӘУКЕЛЕ ШЕРУІМЕН АЙШЫҚТАЛДЫ

⚜️«AMANAT» партиясы Шардара аудандық филиалы жанындағы Әйелдер қанатының ұйымдастыруымен партияның «Ұлттық мұр...

13 ақпан, 2026

Салауатты сана, Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт

"Салауатты сана", "Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт" жобалары аясында Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы №11 кол...

1 сәуір, 2026

Петропавл қаласында «Vildana Studio» сұлулық салонының иесі Вильдана Қожахметова «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында тегін курс ұйымдастырды.

Петропавлда «AMANAT» партиясы Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы жанындағы әйелдер қанатының мүшесі, «Vildan...

7 наурыз, 2026

ӘЙЕЛ ЕҢБЕГІ – ЕЛ МЕРЕЙІ