Басты бет Тарихы Әйелдер қанатының құрылымы Жаңалықтар Байланыс
Қазақша | Орысша
Тіркелу
Инклюзия қоғамының дамуына жәрде... 7 қазан, 2026 Түркістан облысы

Бәйдібек ауданында «ӘЙЕЛ ӨМІРІ ҮШІН» айлығы аясында іс- шара өтті

Бәйдібек ауданында «ӘЙЕЛ ӨМІРІ ҮШІН» айлығы аясында іс- шара өтті

«ӘЙЕЛ ӨМІРІ ҮШІН» АЙЛЫҒЫ: ЕРТЕ АНЫҚТАУ – ДЕНСАУЛЫҚ КЕПІЛІ

1 қазаннан бастап елімізде әйелдер денсаулығына ерекше назар аударуға бағытталған «Әйел өмірі үшін» республикалық ақпараттық айлығы басталды.

Осы маңызды бастама аясында «Әділет» партиясы Бәйдібек аудандық филиалы жанындағы Әйелдер қанатының бастамасымен, Бәйдібек аудандық орталық ауруханасының қолдауымен әйелдер арасында денсаулықты сақтау, аурудың алдын алу және оны ерте анықтаудың маңыздылығын түсіндіруге бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды.

Әйелдің денсаулығы – тек оның жеке мәселесі емес. Ол – отбасының берекесіне, бала тәрбиесіне, қоғамдық өмірге және тұтас қоғамның саулығына тікелей әсер ететін маңызды құндылық.

Сондықтан «Әділет» партиясының Әйелдер қанаты үшін әйелдің құқықтық, әлеуметтік және рухани жағдайымен қатар, оның денсаулығына көңіл бөлу де – басты бағыттардың бірі. Әйел өз денсаулығына уақытылы мән беріп, қажетті медициналық тексерулерден өтуі керек. Ал қоғамның міндеті – осы мәдениетті қалыптастыруға жағдай жасау және әйелді өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға үндей білу.

Іс-шара барысында Бәйдібек аудандық орталық ауруханасының тәжірибелі дәрігерлері әйелдерге сүт безі обырының алдын алу, ауруды ерте кезеңде анықтау, скринингтік тексерулерден уақытылы өту және күмәнді белгілер байқалған жағдайда дәрігерге дер кезінде жүгіну жөнінде маңызды ақпараттар берді.

Сонымен қатар онкологтар мен маммологтардың қатысуымен ашық кездесулер, медициналық кеңестер, сұрақ-жауап форматындағы түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды.

Мұндай кездесулердің маңызы – аурудың алдын алумен ғана шектелмейді. Ең бастысы – әйелге өз денсаулығына немқұрайлы қарамау, «кейін барамын» деп жүре бермеу керектігін түсіндіру.

Ерте анықталған аурудың емделу мүмкіндігі жоғары. Ал уақытылы тексерілу – қорқыныш емес, керісінше өз өміріңе деген жауапкершілік.

«Әйел өмірі үшін» айлығы – осы қарапайым, бірақ аса маңызды ойды әр әйелдің жүрегіне жеткізуге бағытталған игі бастама.

Біз, «Әділет» партиясының Әйелдер қанаты, әйелдердің қоғамдағы белсенділігін арттырумен қатар, олардың өмір сапасына, қауіпсіздігіне, әлеуметтік әл-ауқатына және денсаулығына қатысты мәселелерді де тұрақты назарда ұстаймыз.

Өйткені дені сау әйел – отбасының тірегі, ұрпақтың тәрбиесі, қоғамның белсенді мүшесі.
Ал әйелдің денсаулығына жасалған әрбір қамқорлық – болашаққа жасалған инвестиция.
 

Тағы жаңалықтар

Барлығын көру
18 қазан, 2026

ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕР ДЕНСАУЛЫҚ ҮШІН БІР МАҚСАТТА ТОҒЫСТЫ

Жамбыл облысы Шу ауданында әйелдер денсаулығын қолдауға арналған «Әйел өмірі үшін» атты жүгіру өтті.

18 қазан, 2026

«Әйел өмірі үшін: сүт безі обырының алдын алу марафоны»

"Әйел өмірі үшін" ақпараттық айлығы аясындағы марафон Қордай ауданында жалғасты

14 мамыр, 2026

«АНАЛАР АМАНАТЫ» СӘУКЕЛЕ ШЕРУІМЕН АЙШЫҚТАЛДЫ

⚜️«AMANAT» партиясы Шардара аудандық филиалы жанындағы Әйелдер қанатының ұйымдастыруымен партияның «Ұлттық мұр...

13 ақпан, 2026

Салауатты сана, Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт

"Салауатты сана", "Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт" жобалары аясында Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы №11 кол...

9 маусым, 2026

"Қабылда мені әлем"

Қ. Сыдиықұлы атындағы кітапханада ерекше қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеп отырған аналарға арналған «Қабылд...

11 сәуір, 2026

Ұлы ғалымның мұрасы мәңгілікке қалды!