Басты бет Тарихы Әйелдер қанатының құрылымы Жаңалықтар Байланыс
Қазақша | Орысша
Тіркелу
Ғылымдағы әйелдерді қолдау 26 мамыр, 2026 Қызылорда облысы

БІЛІМДІ ӘЙЕЛ - ҚОҒАМНЫҢ ШАМШЫРАҒЫ

БІЛІМДІ ӘЙЕЛ - ҚОҒАМНЫҢ ШАМШЫРАҒЫ

Әйел – отбасының ғана емес, қоғамның да шамшырағы. Білім мен ғылым жолында табысқа жеткен арулар – өскелең ұрпаққа үлкен үлгі.

Гендерлік теңдік қағидаттарын насихаттау және ғылым мен білім саласында жетістікке жеткен нәзік жанды жерлесіміз Шілдебаева Жанар Төлешбайқызы Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Аққұм ауылында 1971 жылы 4 ақпанда дүниеге келген. Қазіргі таңда Алдаберген Бисенов атындағы № 38 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.

📚 Білім мен ізденісті серік еткен жанның жетістігі – жастарға жігер, қыз балаларға қанат бітіреді. Қай салада болмасын табандылық пен еңбек арқылы биік белестерді бағындыруға болатынын дәлелдеген жерлесіміздің өнегелі жолы көпшілікке үлгі.

🌿 Қоғамдағы әйелдердің ғылым, білім және қоғамдық саладағы рөлін арттыру – уақыт талабы. Гендерлік теңдік мәдениетін қалыптастыру арқылы біз болашақ ұрпаққа тең мүмкіндік пен жарқын келешек сыйлай аламыз.

💫 «Білімді әйел – ұлт болашағының тірегі».

Осындай жетістікке жеткен аруларымыз көбейе берсін!