Басты бет Тарихы Әйелдер қанатының құрылымы Жаңалықтар Байланыс
Қазақша | Орысша
Тіркелу
Ғылымдағы әйелдерді қолдау 17 сәуір, 2026 Қызылорда облысы

«ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ҰСТАЗ: ІЗДЕНІС ПЕН ТӘЖІРИБЕ ҮНДЕСТІГІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ТАНЫМДЫҚ ШАРА ӨТТІ

«ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ҰСТАЗ: ІЗДЕНІС ПЕН ТӘЖІРИБЕ ҮНДЕСТІГІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ТАНЫМДЫҚ ШАРА ӨТТІ

«AMANAT» партиясы Шиелі аудандық филиалы жанынан құрылған Әйелдер қанатының ұйымдастыруымен Қазақстандағы Ғылым қызметкерлері күніне орай «Ғылым және ұстаз: ізденіс пен тәжірибе үндестігі» тақырыбында танымдық іс-шара өткізілді. Шара №46 А.С. Пушкин атындағы мектеп‑лицейі №46 АКТ залында ұйымдастырылды.

Іс-шараның басты мақсаты – білім мен ғылым саласының өзара сабақтастығын нығайту, ұстаздардың ғылыми ізденістерін қолдау, тәжірибе алмасу алаңын қалыптастыру және жас ұрпақты ғылымға қызықтыру болды. Сонымен қатар, педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру, заманауи білім беру үрдісіндегі ғылыми жаңашылдықтарды кеңінен насихаттау көзделді.

Шараға аудандық партия филиалының атқарушы хатшысы Жібек Баймұратова және «Мәдениет үйі» бастауыш партия ұйымының хатшысы, Әйелдер қанатының мүшесі Әлия Рыспанбетова қатысты.

Кездесу барысында білім беру саласындағы өзекті мәселелер, ғылым мен тәжірибені ұштастырудың маңызы, жаңа технологияларды енгізу және мұғалімдердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына белсенді қатысуы кеңінен талқыланды. Қатысушылар өзара пікір алмасып, тәжірибелік ұсыныстарын ортаға салды.

Өз сөзінде Жібек Баймұратова ғылым мен білімнің ел дамуының негізгі тірегі екенін атап өтіп, ұстаздардың еңбегі қоғамның интеллектуалдық әлеуетін қалыптастырудағы ерекше рөлін ерекше айтып, білім мен мәдениеттің бірлігі ұлт болашағы үшін маңызды екенін жеткізіп, ұстаздарға шығармашылық табыс тіледі.

Шара соңында қатысушыларға алғыс білдіріліп, ғылым мен білім саласындағы ынтымақтастықты нығайту үлес қосқан бірқатар ұстаздарға партия атынан алғыс хаттар табысталды.

6a1439dc9c72d.jpg

Тағы жаңалықтар

Барлығын көру