Басты бет Тарихы Әйелдер қанатының құрылымы Жаңалықтар Байланыс
Қазақша | Орысша
Тіркелу
Жаңалықтар 1 қазан, 2026 Түркістан облысы

Қариялар тағылымы -ұлттың рухани қазынасы

Қарттарымызбен бірге "Белсенді ұзақ өмір" орталығында

Қариялар тағылымы -ұлттың рухани қазынасы

ҚАРТТАРҒА ҚҰРМЕТ — ҰРПАҚҚА МІНДЕТ!

«Әділет» партиясы Отырар аудандық филиалы мен Әйелдер қанатының ұйымдастыруымен «Белсенді ұзақ өмір» орталығында Халықаралық қарттар күніне орай «Қарттарға құрмет — ұрпаққа міндет» атты мерекелік іс-шара өткізілді. Жиын барысында партияның Отырар аудандық филиалының төрағасы Ұлан Абдрахимов пен Әйелдер қанатының жетекшісі Тынышкүл Едигеева аға буын өкілдерін арнайы құттықтап, қарияларға құрмет көрсету тек мерекемен шектелмейтін тұрақты міндет екенін атап өтті. Салтанатты жиын барысында бүлдіршіндер арнау өлеңдерін оқып, арнайы әндер шырқап, жас бишілер қарттармен бірге флешмоб билеу арқылы орталық қонақтарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Ауданның сарқылмас қазынасы саналатын қарияларға тағзым етуге бағытталған бұл іс-шара ұрпақтар сабақтастығын нығайтып, қатысушылардың ыстық ықыласымен мәресіне жетті.

Тағы жаңалықтар

Барлығын көру
18 қазан, 2026

ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕР ДЕНСАУЛЫҚ ҮШІН БІР МАҚСАТТА ТОҒЫСТЫ

Жамбыл облысы Шу ауданында әйелдер денсаулығын қолдауға арналған «Әйел өмірі үшін» атты жүгіру өтті.

18 қазан, 2026

«Әйел өмірі үшін: сүт безі обырының алдын алу марафоны»

"Әйел өмірі үшін" ақпараттық айлығы аясындағы марафон Қордай ауданында жалғасты

14 мамыр, 2026

«АНАЛАР АМАНАТЫ» СӘУКЕЛЕ ШЕРУІМЕН АЙШЫҚТАЛДЫ

⚜️«AMANAT» партиясы Шардара аудандық филиалы жанындағы Әйелдер қанатының ұйымдастыруымен партияның «Ұлттық мұр...

13 ақпан, 2026

Салауатты сана, Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт

"Салауатты сана", "Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт" жобалары аясында Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы №11 кол...

18 қазан, 2026

Әйел өмірі — қоғамның басты құндылығы!

Бүгін Жамбыл облысы Сарысу ауданында Әйелдер қанатының бастамасымен сүт безі обырының алдын аулуға бағытталған...

18 қазан, 2026

Өз өміріңіз үшін уақытылы тексеруден өтіңіз!

Марафон мен серуендеуге қатысқан таластықтар игі бастаманы қолдап, әйелдер денсаулығына қоғам назарын аударуға...