Басты бет Тарихы Әйелдер қанатының құрылымы Жаңалықтар Байланыс
Қазақша | Орысша
Тіркелу
Инклюзия қоғамының дамуына жәрде... 6 мамыр, 2026 Түркістан облысы

Кәсіби бағдар беру – мамандық таңдаудағы тиімділік

«AMANAT» партиясы биылғы наурыздан бастап «Кедергісіз келешек» жобасы шеңберінде 9 және 11 сынып түлектері қатарындағы ерекше білім беру қажеттіліктері бар жастар үшін кәсіптік білім алу және кейіннен тұрақты жұмысқа орналастыру арқылы әлеуметтік және кәсіби интеграциялаудың тұрақты механизмін құруға бағытталған «Шексіз мүмкіндік» қосалқы жобасын іске асыруды қолға алды. Партия жанындағы Әйелдер қанатының ұйытқы болуымен жүзеге асып жатқан «Шексіз мүмкіндік» жобасы – әлеуметтік әділеттілік қағидатына негізделіп, ерекше білім беру қажеттіліктері бар жастардың әлеуетін ашуға, олардың қоғамнан шет қалмауына және өз болашағын сеніммен құруына жағдай жасайды.

Кәсіби бағдар беру – мамандық таңдаудағы тиімділік

       Әйелдер қанатының ұйымдастыруымен бүгін Кентау қаласындағы арнаулы кәсіптік колледжінде «Кәсіби бағдар беру – мамандық таңдаудағы тиімділік» тақырыбында пікірлесу мәжілісін өткіздік. Жиынға Кентау қаласының әкімі Ж.Тасов Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының директоры А.Ибадуллаев, Түркістан облыстық білім, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары басшыларының орынбасарлары, психологиялық, медициналық және педагогикалық кеңес беру мекемесінің басшысы, Кентау қалалық емханасының және арнаулы кәсіптік колледж басшыларының орынбасарлары, атаналар, жұмыс беруге ниет етуші кәсіпорын өкілдері қатысты. Жиынға ZOOM платформасы арқылы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің штаттан тыс кеңесшісі Захира Бегалиева қатысып, «ITeachMe» құзыреттерді дамыту орталығының әлеуметтік бастамаларын таныстырды.

    Жиынның мақсат-міндетін түсіндіріп келе «AMANAT» партиясы әрбір қазақстандықтың бақытты өмір сүруіне жағдай жасауға қызмет атқаратынын, ерекше жандарды мемлекеттік қолдау азаматтарды толыққанды әлеуметтік және экономикалық өмірге белсенді тартуға бағытталуы тиіс дегенге тоқталдым..

Инклюзивті білім беруді дамытуда келесі мәселелер бар екені айқындалып отыр: ерекше білім беру қажеттіліктері бар мектеп түлектерінің едәуір бөлігі мектеп бітірген соң білім мен мамандық таңдауда қиындықтарға тап болады, кәсіптік даярлыққа және еңбек нарығына қолжетімділіктің шектеулілігі әлеуметтік оқшаулануға, дербестіктің төмендеуіне және әлеуметтік төлемдерге тәуелділікке әкеледі. Осыған байланысты, партиямыздың «Шексіз мүмкіндік» жобасы сапалы кәсіптік білімге қолжетімділікті қамтамасыз етуді, жастардың бойынша еңбек нарығында сұранысқа ие дағдылар қалыптастыруды, ерекше қажеттілігі бар балалар үшін кепілді жұмысқа орналасу мүмкіндігін беруді, олардың әлеуметтік бейімделу деңгейін арттыруды көздейді. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар түлектерді кәсіптік оқыту және жұмысқа орналастырудың тиімді жүйесін құруда – колледж, жұмыс беруші және студент арасында үшжақты келісім жасауға негізделген мемлекеттік мақсатты білім беру тапсырысы механизмі негізгі құрал ретінде айқындалып отыр

     Жиынға қатысушыларға деген құттықтау сөзін Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов білдірді. «AMANAT» партиясының Әйелдер қанаты жүзеге асырып жатқан «Шексіз мүмкіндік» жобасы – ерекше білім беру қажеттіліктері бар 9 және 11 сынып түлектеріне нақты бағыт-бағдар беріп, олардың болашағына сеніммен қадам жасауына жол ашатын игі іс деп байыптады.

«- Бұл – жастарды кәсіптік біліммен қамтып, тұрақты жұмысқа орналастыру арқылы олардың қоғамға толыққанды бейімделуін қамтамасыз ететін жүйелі тетік. Бүгінгі таңда мұндай кешенді тәсілдің маңызы ерекше. Себебі әрбір жас өз қабілетіне сай мамандық игеріп, қоғамнан өз орнын табуы тиіс. Кентау қаласы үшін бұл жоба айрықша мәнге ие. . Әсіресе ерекше білім беру қажеттіліктері бар жастардың тағдырына бейжай қарамау – біздің ортақ міндетіміз. Оларға тең мүмкіндік беру, әлеуетін ашуға жағдай жасау – бұл тек әлеуметтік саясаттың емес, адамгершілік ұстанымның да көрінісі. Біз бұл жобаны толық қолдаймыз және оны жүзеге асыруда жергілікті атқарушы органдар тарапынан қажетті қолдау көрсетілетін болады. Қаладағы колледждермен, білім беру ұйымдарымен және жұмыс берушілермен тығыз байланыс орнатып, жастардың сұранысқа ие мамандықтарды игеруіне жағдай жасаймыз. Сонымен қатар, оқу бітірген түлектерді жұмыспен қамту мәселесі де басты назарда болады», - деді Жандос Қалмұрзаұлы.

     Жиында сөз алған облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Аслан Ибадуллаев кәсіби бағдар беру – жастардың қабілеті мен қызығушылығына сай дұрыс мамандық таңдауға бағыт беретін маңызды жүйе екенін айтты. Әлеуметтік кәсіпкерлік ұғымы жөнінде жан-жақты мағлұмат берді.

«- Бүгінгі іс-шараға ерекше қажеттілігі бар азаматтардың қоғамын қолдауға бағытталған «Ақниет Holding» қоғамдық бірлестігі мен оның кәсіпорындары да қатысып отыр. Қазіргі таңда Түркістан облысында 22 әлеуметтік кәсіпкер тіркеліп, олардың 12 жобасы 5 млн теңгелік мемлекеттік грант иегері атанды. әлеуметтік кәсіпкерлік жөнінде нақты мысалдар келтірді.

    Облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Қасымбекованың хабарламасында ерекше білім беруді қажет ететін балаларға сапалы білім беру, олардың құқықтарын қорғау және қоғамға толыққанды бейімделуіне жағдай жасау білім беру жүйесінің негізгі басым бағыттарының бірі екені айтылды. Облыс бойынша инклюзивті білім беруге жағдай жасалған 874 мектеп бар екені айтылып, бұл облыстағы жалпы мектептердің 93 пайызын құрайтыны мәлімделді. Осы мектептерде дефектолог, логопед санатындағы 687,5 арнайы педагог қызмет атқараты жеткізілді. Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды қолдау мақсатында 9-11 сыныпты аяқтаған балаларды тегін кәсіптік біліммен қамту үшін қажетті шаралар қолға алынғаны айтылды. 2026-2027 жаңа оқу жылында облыс бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына 15 600 орын мемлекеттік тапсырыс орналастыру жоспарланып отырғаны хабарланды. Биылғы оқу жылын облыста ерекше қажеттілігі бар 9 сыныпты 272 оқушы, ал 11-ші сыныпты 61 оқушы бітіреді екен. Бүгінгі жиын осы оқушылар үшін аса маңызды, қанша колледж қандай мамандықтар бойынша балалардың қабілетіне қарай қабылдай алады?, қаншасы ЖОО на үміт артып отырғаны анықталатын болады. Сол себепті партия филиалының Әйелдер қанаты білім, жұмыспен қамту, облыстық балалардың құқығын қорғау басқармасымен және "Атамекен" облыстық кәсіпкерлер палатасымен ынтымақтастық аясында ерекше балалардың мамандық таңдауына кәсіби бағдар беру,, ерекше оқушылардың базасын қалыптастыру , ары қарай түлектерді жұмысқа орналастыруды үйлестіре отырып қоғам мен мемлекеттік органдар арасында байланысты күшейтуді мақсат тұтады.

    Мәжілісте Түркістан облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Самат Байғұтовтың хабарламасы тыңдалды. Басқарма өкілінің мәлімдеуінше, Түркістан облысы бойынша мүгедектігі бар азаматтардың саны 103 мың адамнан асады, 2026 жылы мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғауға жалпы 17,7 млрд. теңге бағытталғанын айтты. Осы санаттағы азаматтарды оңалту құралдарымен қамту көрсеткіші 54,4 пайызды құрайтынын, «AMANAT» партиясының Сайлауалды бағдарламасы шеңберінде инфрақұрылымды бейімдеу жұмыстары қолға алынғанын мәлімдеді. Қолжетімділік картасына енгізілген 3 702 нысанның 2 463-і бейімдеуден өткізілгенін хабарлады.

Жиынға ZOOM платформасы арқылы қосылған Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің штаттан тыс кеңесшісі Захира Бегалиева «ITeachMe» құзыреттерді дамыту орталығының әлеуметтік бастамаларын таныстырды. Бұл жоба 2030 жылға дейінгі мерзімде еңбекке қабілетті жастағы ерекше қолдауды қажет ететін азаматтарды оқыту және олардың жұмысқа орналасуына қолдау көрсету міндетін көздейді. Әлеуметтік осал топтар мен ерекше қажеттілігі бар азаматтарға арналған заманауи әлеуметтік-білім беру бастамасы болып табылатын жобаға қатысушылар IT және цифрлық бағыттар бойынша білім алатыны айтылды. Олар сондай-ақ soft skills дағдыларын дамытып, тәжірибелік жобалар мен хакатондарға қатысатыны, менторлық қолдау алатыны мәлімделді.

     Кентау қалалық арнаулы кәсіптік колледж директорының орынбасары Айнагүл Сейтжанова бұл оқу орны тірек-қимыл аппараты бұзылған мүмкіндігі шектеулі жастарға арналған еліміздегі бірегей оқу орны екенін айтты. Колледжде 15–29 жас аралығындағы білім алушыларға техникалық және кәсіптік біліммен қатар, арнаулы әлеуметтік қызметтердің толық кешені көрсетілетінін жеткізді..

Биыл аталған колледжді 21 оқушы бухгалтер, IT маман, тігінш-модельері мамандықтар бойынша бітіруде

Жиынға қатысқан «Ақниет Holding» компаниясының жиһаз құрастыру цехы, «Company Baqsultan», «NN-Tex» тігін цехтары, «Medical Style» арнаулы киімдер шығаратын өндіріс орны, «MegaBite» компьютерлік қызметтер салоны, «Дауленов» ЖК сауда қатарлары, «ECO Атамекен» өндіріс орны осы колледждің бітіруші студенттерімен жеке-дара сұхбаттасулар жүргізді.Сонымен қатар аталған колледж биыл 28 ерекше баланы қабылдауға мүмкіндігі бар. Облыстағы 272 ерекше баланы оқуға орналастыру, ары қарай жұмыспен қамту жиынға қатысқан тиісті басқармалар мен Атамекен кәсіпкерлер палатасы бірлесе партияның облыстық Әйелдер қанаты үйлестіруге ықпал ететін болады.

Жиын қорытындысымен тараптар ынтымақтастық меморандумына қол қойылды.

69fdca60a5bb0.jpg
69fdca60dc031.jpg
69fdca611e0fd.jpg
69fdca6169e94.jpg
69fdca61dbf2e.jpg
69fdca6231f20.jpg

Тағы жаңалықтар

Барлығын көру
23 маусым, 2026

Жаңа бастамалар мен нақты істер алаңы

Сарысу ауданында өткен Әйелдер қанатының отырысында әйелдердің көшбасшылығын дамыту, қоғамдық белсенділігін ар...

16 маусым, 2026

«Айша бибі» көшбасшылық мектебінде кезекті семинар өтті

Өңірлік «Айша бибі» көшбасшылық мектебінің семинарында белсенді әйелдер көшбасшылық, командамен жұмыс, көпшілі...

14 мамыр, 2026

«АНАЛАР АМАНАТЫ» СӘУКЕЛЕ ШЕРУІМЕН АЙШЫҚТАЛДЫ

⚜️«AMANAT» партиясы Шардара аудандық филиалы жанындағы Әйелдер қанатының ұйымдастыруымен партияның «Ұлттық мұр...

6 мамыр, 2026

Әйелдердің қоғамдағы белсенділігін арттыру – басты назарда

"AMANAT" партиясының «Әйелдер аманаты» жобасы аясында Түлкібас ауданында белсенді әйелдермен мазмұнды кездесу...

15 мамыр, 2026

⚡Алматы қалалық «AMANAT» партиясы филиалының алаңында «ШЕКСІЗ МҮМКІНДІК» жобасы аясында ерекше білім беру қажеттіліктері бар 9–11 сынып түлектерін қолдау және әлеуметтендіруге арналған кездесу өтті.

11 сәуір, 2026

Ұлы ғалымның мұрасы мәңгілікке қалды!