Басты бет Тарихы Әйелдер қанатының құрылымы Жаңалықтар Байланыс
Қазақша | Орысша
Тіркелу
Әйелдердің денсаулығын және отба... 11 қыркүйек, 2026 Түркістан облысы

ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫ: ОТБАСЫ – ҚОҒАМНЫҢ БЕРІК НЕГІЗІ

Бүгін, 11 қыркүйек – Отбасы күніне орай, «Әділет» партиясы Қазығұрт ауданындағы Әйелдер қанатының мүшелері көпбалалы және әлеуметтік қолдауға мұқтаж отбасылардың шаңырағына арнайы барып, бір күндік республикалық акция өткізді. Акция аясында қолдауға мұқтаж отбасыларға азық-түлік себеттері табысталып, олардың жағдайына көңіл бөлініп, ізгі тілектер айтылды.

ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫ: ОТБАСЫ – ҚОҒАМНЫҢ БЕРІК НЕГІЗІ

Бұл – отбасы құндылықтарын дәріптеп қана қоймай, қиындыққа тап болған жанұяларға қолдау көрсетіп, қоғамдағы мейірімділік пен өзара көмекті нығайтуға бағытталған игі бастама.

Әйелдер қанатының мүшелері әр отбасының жағдайымен танысып, жылы лебіздерін білдіріп, балаларға жақсы көңіл-күй сыйлады. Осындай қарапайым, бірақ жүрекке жылу сыйлайтын қолдау әр отбасы үшін маңызды.

Отбасы – мейірім мен сүйіспеншіліктің мекені. Ал отбасыға қолдау көрсету – қоғамның ортақ жауапкершілігі.

«Әділет» партиясы алдағы уақытта да әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасыларға назар аударып, қайырымдылық пен жанашырлыққа негізделген игі бастамаларды жалғастыра береді.

6aa3f3d66c0ce.jpg

Тағы жаңалықтар

Барлығын көру
18 қазан, 2026

ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕР ДЕНСАУЛЫҚ ҮШІН БІР МАҚСАТТА ТОҒЫСТЫ

Жамбыл облысы Шу ауданында әйелдер денсаулығын қолдауға арналған «Әйел өмірі үшін» атты жүгіру өтті.

18 қазан, 2026

«Әйел өмірі үшін: сүт безі обырының алдын алу марафоны»

"Әйел өмірі үшін" ақпараттық айлығы аясындағы марафон Қордай ауданында жалғасты

14 мамыр, 2026

«АНАЛАР АМАНАТЫ» СӘУКЕЛЕ ШЕРУІМЕН АЙШЫҚТАЛДЫ

⚜️«AMANAT» партиясы Шардара аудандық филиалы жанындағы Әйелдер қанатының ұйымдастыруымен партияның «Ұлттық мұр...

6 мамыр, 2026

Әйелдердің қоғамдағы белсенділігін арттыру – басты назарда

"AMANAT" партиясының «Әйелдер аманаты» жобасы аясында Түлкібас ауданында белсенді әйелдермен мазмұнды кездесу...

13 ақпан, 2026

Салауатты сана, Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт

"Салауатты сана", "Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт" жобалары аясында Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы №11 кол...

1 сәуір, 2026

Петропавл қаласында «Vildana Studio» сұлулық салонының иесі Вильдана Қожахметова «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында тегін курс ұйымдастырды.

Петропавлда «AMANAT» партиясы Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы жанындағы әйелдер қанатының мүшесі, «Vildan...