Басты бет Тарихы Әйелдер қанатының құрылымы Жаңалықтар Байланыс
Қазақша | Орысша
Тіркелу
Әйелдердің денсаулығын және отба... 11 қыркүйек, 2026 Түркістан облысы

КЕНТАУ ҚАЛАСЫ: ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – АДАМГЕРШІЛІКТІҢ БЕЛГІСІ

11 қыркүйек күні «Әділет» партиясы Кентау қалалық Әйелдер қанатының бастамасымен әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасыларға бағытталған қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды.

КЕНТАУ ҚАЛАСЫ: ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – АДАМГЕРШІЛІКТІҢ БЕЛГІСІ

Аталған шараның негізгі мақсаты – әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға қолдау көрсету, ерекше назарды қажет ететін отбасыларға көмек көрсету және қоғамдағы өзара жанашырлық пен әлеуметтік жауапкершілік құндылықтарын дәріптеу.

Қайырымдылық акциясы барысында бірқатар отбасыларға азық-түлік себеттері табысталып, күнделікті тұрмысқа қажетті қолдау ұсынылды.

Мұндай игі бастамалар – қоғамның әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға, көмекке мұқтаж азаматтарға қолдау көрсетуге және қайырымдылық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған маңызды жұмыстардың бірі.

Кентау қалалық Әйелдер қанатының қызметіндегі басым бағыттардың қатарында отбасы институтын нығайту, ана мен бала мәселелеріне назар аудару, сондай-ақ әлеуметтік қолдауды қажет ететін азаматтардың мәселелерін назарда ұстау маңызды орын алады.

Осындай шаралар арқылы қоғамда мейірімділік, өзара көмек, жауапкершілік және адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруға үлес қосамыз.

«Жақсылық жасап жарысайық!» қағидасын негізге алған бұл бастама алдағы уақытта да жалғасын табады.

Жақсылық жасау – жүректен.

Қайырымдылық – қоғамның ортақ жауапкершілігі.

6aa3f045498d7.jpg

 

Тағы жаңалықтар

Барлығын көру
18 қазан, 2026

ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕР ДЕНСАУЛЫҚ ҮШІН БІР МАҚСАТТА ТОҒЫСТЫ

Жамбыл облысы Шу ауданында әйелдер денсаулығын қолдауға арналған «Әйел өмірі үшін» атты жүгіру өтті.

18 қазан, 2026

«Әйел өмірі үшін: сүт безі обырының алдын алу марафоны»

"Әйел өмірі үшін" ақпараттық айлығы аясындағы марафон Қордай ауданында жалғасты

14 мамыр, 2026

«АНАЛАР АМАНАТЫ» СӘУКЕЛЕ ШЕРУІМЕН АЙШЫҚТАЛДЫ

⚜️«AMANAT» партиясы Шардара аудандық филиалы жанындағы Әйелдер қанатының ұйымдастыруымен партияның «Ұлттық мұр...

6 мамыр, 2026

Әйелдердің қоғамдағы белсенділігін арттыру – басты назарда

"AMANAT" партиясының «Әйелдер аманаты» жобасы аясында Түлкібас ауданында белсенді әйелдермен мазмұнды кездесу...

13 ақпан, 2026

Салауатты сана, Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт

"Салауатты сана", "Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт" жобалары аясында Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы №11 кол...

1 сәуір, 2026

Петропавл қаласында «Vildana Studio» сұлулық салонының иесі Вильдана Қожахметова «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында тегін курс ұйымдастырды.

Петропавлда «AMANAT» партиясы Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы жанындағы әйелдер қанатының мүшесі, «Vildan...