КЕНТАУ ҚАЛАСЫНДА ОТБАСЫ КҮНІНЕ ОРАЙ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ
Отбасы күні мерекесіне орай «Әділет» партиясы Кентау қалалық филиалының Әйелдер қанаты тарапынан әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға қайырымдылық көмек көрсетілді. Ізгі шараны «Әділет» партиясы Кентау қалалық Әйелдер қанатының төрайымы Роза Аяпбергенова және әйелдер қанаты мүшелері Бибігүл Бөрібайқызы мен Мақпал Амантай ұйымдастырып, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға азық-түлік себеттерін табыстады.
Сонымен қатар, «Әділет» партиясы Кентау қалалық филиалының төрағасы Арман Басаров та бірқатар әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға арнайы азық-түлікпен көмек көрсетті.
Қайырымдылық шарасының басты мақсаты – отбасыларға қолдау көрсету, қоғамдағы өзара көмек пен мейірімділік құндылықтарын дәріптеу.
Отбасы күні қарсаңында жасалған бұл игі бастама әлеуметтік қолдауға мұқтаж жандарға демеу болып, жақсылық жасауға үндейді.
Жақсылық жасау – адамгершіліктің белгісі. Әр отбасыға береке, бірлік пен амандық тілейміз!

