КЕНТАУДА «ЖҮРЕГІ ТАЗА ЖАНДАР» АТТЫ ТАҒЫЛЫМДЫ ІС-ШАРА ӨТТІ
Іс-шараның басты мақсаты – мүгедектігі бар азаматтарға құрмет көрсету, олардың қоғамдағы белсенділігін арттыру, сондай-ақ мейірімділік пен ізгілік құндылықтарын дәріптеу.
КЕНТАУДА «ЖҮРЕГІ ТАЗА ЖАНДАР» АТТЫ ТАҒЫЛЫМДЫ ІС-ШАРА ӨТТІ
Кентау қаласында Мүгедектігі бар адамдар күніне орай «Жүрегі таза жандар» атты тағылымды іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шараның басты мақсаты – мүгедектігі бар азаматтарға құрмет көрсету, олардың қоғамдағы белсенділігін арттыру, сондай-ақ мейірімділік пен ізгілік құндылықтарын дәріптеу.
Іс-шараға «Әділет» партиясы Кентау қалалық филиалының төрағасы Арман Басаров, Кентау қалалық Әйелдер қанатының төрайымы Роза Аяпбергенова және Кентау қалалық Әлеуметтік орталығының директоры Ерғали Балабеков қатысты.
Шара барысында мүгедектігі бар азаматтарға арнайы Алғыс хаттар табысталып, сыйлықтар берілді. Сонымен қатар, Ш. Қалдаяқов атындағы мәдениет сарайының өнерпаздары әсем әндерін орындап, қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй мен ерекше әсер сыйлады.
Ізгілік пен жанашырлыққа негізделген бұл кездесу қоғамдағы өзара құрмет пен қамқорлықтың маңызын тағы бір мәрте айқындады. Әрбір азаматтың қадір-қасиетін бағалау, оларға қолдау көрсету және қоғам өміріне белсенді араласуына жағдай жасау – ортақ міндет.
Мейірім бар жерде – береке, құрмет бар жерде – бірлік!