Басты бет Тарихы Әйелдер қанатының құрылымы Жаңалықтар Байланыс
Қазақша | Орысша
Тіркелу
Әйелдердің саяси көшбасшылығын қ... 5 наурыз, 2026 Қызылорда облысы

КӨШБАСШЫ ӘЙЕЛДЕР ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯНЫ ҚОЛДАДЫ

Бүгін елордада «Әйел әлемі – ел тағдырына жауапкершілік» тақырыбымен көшбасшы әйелдердің кездесуі өтті.

КӨШБАСШЫ ӘЙЕЛДЕР ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯНЫ ҚОЛДАДЫ

Бүгін елордада «Әйел әлемі – ел тағдырына жауапкершілік» тақырыбымен көшбасшы әйелдердің кездесуі өтті. Іс-шараға Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов, Премьер-Министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева қатысты. Қазақстанның барлық өңірінен келген мыңға жуық әйел жаңа Конституцияны қабылдау бойынша 15 наурызда өтетін референдумды талқылады.

Жалпыұлттық коалиция Жетекшісі Ерлан Қошанов Мемлекет басшысының гендерлік саясатқа ерекше мән беретінін атап өтті. Ол әйелдердің қамқорлығы, отбасы мен балалар болашағына деген жауапкершілігі қоғамдағы адамгершілік құндылықтарының негізін қалыптастыратынын айтты. Бұл құндылықтар жаңа Конституцияның басты қағидаттарында көрініс тапқан.

Сондай-ақ Ерлан Қошанов «AMANAT» партиясының Әйелдер қанаты аз уақытта еліміздегі ең белсенді қоғамдық-саяси алаңдардың біріне айналғанын атап өтті. Әйелдер қанаты соңғы 3 жылда әлеуметтік жобаларды жүзеге асырып, заң шығару ісінде белсенділік танытты.

Жаңа Конституцияда отбасы институты мен дәстүрлі құндылықтарды қорғауға ерекше мән берілді. Неке ер мен әйелдің тең құқықты одағы ретінде бекітілді, қыз алып қашу әрекеті үшін жауапкершілік күшейтілді. Бұл шаралар әйелдердің ар-намысы мен қауіпсіздігін қорғауға, әділетті қоғам құруға бағытталған.

Ерлан Қошанов Қазақстандағы тұрақтылық пен бейбітшілікті сақтау, билік институттарының үйлесімді жұмысын қамтамасыз ету жаңа Конституцияның стратегиялық мәнін көрсететінін атап өтті.

Аида Балаева жаңа Конституция жобасы Қазақстанның әлеуметтік мемлекет ретіндегі сипатын сақтап қана қоймай, оны одан әрі нығайтатынын ерекше атап өтті. 

Форум делегаттары цифрлық деректерді қорғау, ғылым мен білімге басымдық беру, отбасы мен ананы қорғау, инклюзивті білім беру, медицина қызметкерлерін қолдау, құқықтық айқындық пен волонтерлікті институционалдық қолдау сияқты маңызды мәселелерге назар аударды.

Айта кетейік, аталған жиынға Сыр өңірінен 32 белсенді көшбасшы әйел қатысып, өңірдің қоғамдық-саяси өміріндегі әйелдердің белсенді рөлін айқындай түсті.

Тағы жаңалықтар

Барлығын көру
18 қазан, 2026

ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕР ДЕНСАУЛЫҚ ҮШІН БІР МАҚСАТТА ТОҒЫСТЫ

Жамбыл облысы Шу ауданында әйелдер денсаулығын қолдауға арналған «Әйел өмірі үшін» атты жүгіру өтті.

18 қазан, 2026

«Әйел өмірі үшін: сүт безі обырының алдын алу марафоны»

"Әйел өмірі үшін" ақпараттық айлығы аясындағы марафон Қордай ауданында жалғасты

8 мамыр, 2026

БАЛА ТӘРБИЕСІ БАСТЫ НАЗАРДА

7 наурыз, 2026

ӘЙЕЛ ЕҢБЕГІ – ЕЛ МЕРЕЙІ

8 маусым, 2026

Абай университетінде әйелдер көшбасшылығын дамытуға арналған жаңа EMBA бағдарламасы іске қосылды

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде әйелдердің көшбасшылық әлеуетін дамытуға бағытталған...

23 қаңтар, 2026

«Таңшолпан»: Қостанай облысында әйелдердің саяси көшбасшылығын дамытудың жаңа кезеңі

Теориялық бөлімнен кейін қатысушылар тәжірибелік сабақтарға көшіп, дебаттық сессияларға қатысты. Бес командаға...