КӨШБАСШЫ ӘЙЕЛДЕРДІҢ ЖАҢА БУЫНЫ: «АЙША БИБІ» МЕКТЕБІНІҢ АЛҒАШҚЫ ТҮЛЕКТЕРІ
Өңірімізде кәсіби, бастамашыл және жауапты әйел көшбасшыларды даярлайтын бірегей «Айша бибі» әйелдер көшбасшылық мектебінің алғашқы легі оқуын сәтті аяқтады! 🎉 Түлектерге ресми сертификаттар салтанатты түрде табысталды.
Өңірімізде кәсіби, бастамашыл және жауапты әйел көшбасшыларды даярлайтын бірегей «Айша бибі» әйелдер көшбасшылық мектебінің алғашқы легі оқуын сәтті аяқтады!
Түлектерге ресми сертификаттар салтанатты түрде табысталды.
Жоба Әйелдер қанаты мен М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің серіктестігі аясында ұйымдастырылды.
Жоба сандар мен деректерде:100 белсенді әйел өңірдің барлық аудан-қалаларынан іріктеп алынды.72 академиялық сағат бойы ауқымды дәрістер өтті.3 маңызды модуль аясында білім жетілдірілді.
Қатысушылар:
Көшбасшылық дағдылар
Шешендік өнер
Қоғамдық коммуникация
Командамен жұмыс
Жобалық басқаруды меңгеоді
Қорытынды іс-шара аясында тренингтер өтіп, түлектерді Дулати университетінің аппарат басшысы Мирас Тұрғынбаев пен Әйелдер қанатының жетекшісі Айман Әшімова ерекше құттықтады.
Басты нәтиже: Жоба қатысушылардың басқарушылық әлеуетін арттырып, өңірдегі мықты мамандардан кадрлық резерв қалыптастыруға негіз қалады.Түлектерімізді құттықтаймыз және қоғам игілігі жолындағы істеріне сәттілік тілейміз! ![]()