Басты бет Тарихы Әйелдер қанатының құрылымы Жаңалықтар Байланыс
Қазақша | Орысша
Тіркелу
Инклюзия қоғамының дамуына жәрде... 16 қыркүйек, 2026 Қостанай облысы

ҚОСТАНАЙДА ОТБАСЫЛЫҚ ШАХМАТ ТУРНИРІ ӨТТІ

Іс-шара Қазақстан шахмат федерациясының Қостанай облысы бойынша филиалымен бірлесіп, «Адал азамат» тәрбие бағдарламасын іске асыру аясында ұйымдастырылды. Турнирге «Әділет» партиясы Әйелдер қанатының мүшелері де қатысты.

ҚОСТАНАЙДА ОТБАСЫЛЫҚ ШАХМАТ ТУРНИРІ ӨТТІ

Турнирдің бастамашысы әрі ұйымдастырушысы – «Әділет» партиясы Әйелдер қанатының белсенді мүшесі, А. М. Горький атындағы гимназияның директоры Гүлфия Дандыбаева.

Жарыстың басты ерекшелігі – оған гимназия оқушылары мен олардың ата-аналарынан құралған 64 адамның бір уақытта қатысуы болды. Шахмат тақтасындағы тартыс әр буын өкілдерін біріктіріп, отбасы мүшелеріне бірге уақыт өткізуге, өзара қарым-қатынасты нығайтуға және интеллектуалдық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік берді.

«Шахмат балаларды логикалық ойлауға, салмақты шешім қабылдауға, өз таңдауы үшін жауапкершілік алуға және қарсыласын құрметтеуге үйретеді. Бұл үдеріске ата-аналар баласымен бірге қатысқан кезде, балалардың зияткерлік спортқа деген қызығушылығы артып қана қоймай, отбасы мен мектеп арасындағы байланыс та нығая түседі», – деді Гүлфия Дандыбаева.

Іс-шараға «Әділет» партиясы Әйелдер қанатының мүшелері Гүлвира Құдайкулова, Мира Мұратқызы және Несібелі Басенова да қатысты.

Турнир оқушылар арасында шахматты кеңінен насихаттауға, олардың логикалық ойлау қабілетін, мақсатқа ұмтылысын және жауапкершілігін дамытуға, сондай-ақ мектеп пен отбасы арасындағы өзара байланысты нығайтуға ықпал етті.

«Әділет» партиясы мұндай бастамалардың маңыздылығын атап өтті. Отбасылық құндылықтарды дәріптеуге, балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға және олардың жан-жақты дамуына жағдай жасауға бағытталған.

Тегтер
Инклюзия қоғамының дамуына жәрдемдесу Психологиялық қызмет институтының жұмыс істеуіне жәрдемдесу Өндірістегі әйел және гендерлік бюджеттендіру Әйелдердің денсаулығын және отбасы институтын нығайтуға көмектесу Ғылымдағы әйелдерді қолдау

Тағы жаңалықтар

Барлығын көру
18 қазан, 2026

ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕР ДЕНСАУЛЫҚ ҮШІН БІР МАҚСАТТА ТОҒЫСТЫ

Жамбыл облысы Шу ауданында әйелдер денсаулығын қолдауға арналған «Әйел өмірі үшін» атты жүгіру өтті.

18 қазан, 2026

«Әйел өмірі үшін: сүт безі обырының алдын алу марафоны»

"Әйел өмірі үшін" ақпараттық айлығы аясындағы марафон Қордай ауданында жалғасты

23 қаңтар, 2026

«Таңшолпан»: Қостанай облысында әйелдердің саяси көшбасшылығын дамытудың жаңа кезеңі

Теориялық бөлімнен кейін қатысушылар тәжірибелік сабақтарға көшіп, дебаттық сессияларға қатысты. Бес командаға...

10 сәуір, 2026

«ҒАЛЫМ TALKS: ҒЫЛЫМНАН БИЗНЕСКЕ»

Состоялась экспертная сессия «Ғылым Talks: от науки к бизнесу», организованная Женским крылом партии AMANAT со...

9 маусым, 2026

"Қабылда мені әлем"

Қ. Сыдиықұлы атындағы кітапханада ерекше қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеп отырған аналарға арналған «Қабылд...

12 ақпан, 2026

Облыстық «Ana serpini» әлеуметтік жобасы Жаңаөзенде басталды.

Мақсаты – әйелдер мен аналардың кәсіпкерлік әлеуетін арттыру, олардың бизнес бастамаларын қолдау, жаңа идеялар...