Басты бет Тарихы Әйелдер қанатының құрылымы Жаңалықтар Байланыс
Қазақша | Орысша
Тіркелу
Инклюзия қоғамының дамуына жәрде... 24 қыркүйек, 2026 Қостанай облысы

Қостанайда «Тең мүмкіндіктер» республикалық инклюзивті балалар спорт фестивалі өтті

https://www.instagram.com/reel/DdohCERtazE/?stkn=MWJnZ2tzemd2bnFmZw==

Қостанайда «Тең мүмкіндіктер» республикалық инклюзивті балалар спорт фестивалі өтті

 Қостанай қаласында «Әділет» партиясының Әйелдер қанатының бастамасымен республикалық инклюзивті балалар спорт фестивалінің өңірлік кезеңі өтті.
Спорттық шараның басты мақсаты – балалардың спортқа деген қызығушылығын арттыру, барлық балаға тең мүмкіндік қалыптастыру, достық пен өзара қолдау құндылықтарын дәріптеу және жас спортшылардың жаңа жетістіктерге ұмтылысын қолдау.
Фестивальге Қостанай қаласы мен облысының мектептерінен 80 жас спортшы қатысты. Олардың қатарында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар да болды. Қатысушылар бочча, «Көңілді старттар» және жеңіл атлетика бағыттары бойынша өз мүмкіндіктерін сынап, спорттағы белсенділіктерін көрсетті.
Іс-шараның ашылу салтанатында «Әділет» партиясы Қостанай облыстық филиалының басшысы Бибігүл Аққожина қатысушыларға жылы лебізін білдірді.
«Бүгінгі фестиваль өзара қолдау мен достықты нығайтуға ықпал етеді деп сенемін. Балалардың әрбір жеңісі – олардың ғана емес, ата-аналары мен педагогтерінің де бірлескен еңбегінің нәтижесі. Спортпен айналысу арқылы балалар өз қабілеттерін шыңдап, жаңа белестерге ұмтылады. Осы ретте жас спортшыларымызды қолдап отырған ата-аналар мен ұстаздарға алғысымды білдіремін», – деді Бибігүл Аққожина.
Сонымен қатар, ол фестивальді өткізуге қолдау көрсеткен демеушілерге ризашылығын білдірді. Атап айтқанда, «Милх», «Добрый пекарь» және «Арасан» ЖШС-ларына алғыс айтылды.
Фестиваль барысында қатысушылар өздерінің спорттық шеберліктерін көрсетіп, жақсы нәтижелерге қол жеткізді. Солардың қатарында бочча жарысында үздік үштіктен көрінген Қостанай қалалық №14 мектептің оқушысы Камила Аханова да бар.
«Бочча жарысына қатысқаным маған үлкен әсер қалдырды. Жарыс кезінде бар күшімді салып, өзіме сенуге тырыстым. Үздік үштіктен көрінгеніме қуаныштымын. Бұл фестиваль маған спортпен айналысудың қаншалықты қызықты екенін сезіндіріп, алдағы уақытта да жаттығуды жалғастыруға жігер берді. Осындай жарыстардың ұйымдастырылып, балаларға өз мүмкіндіктерін көрсетуге жағдай жасалғаны үшін алғысымды білдіремін», – деді Камила Аханова.

Тағы жаңалықтар

Барлығын көру
18 қазан, 2026

ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕР ДЕНСАУЛЫҚ ҮШІН БІР МАҚСАТТА ТОҒЫСТЫ

Жамбыл облысы Шу ауданында әйелдер денсаулығын қолдауға арналған «Әйел өмірі үшін» атты жүгіру өтті.

18 қазан, 2026

«Әйел өмірі үшін: сүт безі обырының алдын алу марафоны»

"Әйел өмірі үшін" ақпараттық айлығы аясындағы марафон Қордай ауданында жалғасты

23 қаңтар, 2026

«Таңшолпан»: Қостанай облысында әйелдердің саяси көшбасшылығын дамытудың жаңа кезеңі

Теориялық бөлімнен кейін қатысушылар тәжірибелік сабақтарға көшіп, дебаттық сессияларға қатысты. Бес командаға...

10 сәуір, 2026

«ҒАЛЫМ TALKS: ҒЫЛЫМНАН БИЗНЕСКЕ»

Состоялась экспертная сессия «Ғылым Talks: от науки к бизнесу», организованная Женским крылом партии AMANAT со...

9 маусым, 2026

"Қабылда мені әлем"

Қ. Сыдиықұлы атындағы кітапханада ерекше қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеп отырған аналарға арналған «Қабылд...

11 сәуір, 2026

Ұлы ғалымның мұрасы мәңгілікке қалды!