Басты бет Тарихы Әйелдер қанатының құрылымы Жаңалықтар Байланыс
Қазақша | Орысша
Тіркелу
Әйелдердің саяси көшбасшылығын қ... 2 қыркүйек, 2026 Қостанай облысы

ҚОСТАНАЙДАҒЫ САЙЛАУАЛДЫ ШТАБ ЖҰМЫСЫ ЖОҒАРЫ БАҒАЛАНДЫ

Қостанайда «Әділет» партиясының облыстық сайлауалды штабының сайлауалды науқан кезеңіндегі жұмысы қорытындыланып, белсенді азаматтарды марапаттау рәсімі өтті.

ҚОСТАНАЙДАҒЫ САЙЛАУАЛДЫ ШТАБ ЖҰМЫСЫ ЖОҒАРЫ БАҒАЛАНДЫ

Жиын барысында сайлауалды науқанның өту барысы сараланып, партияның бағдарламалық басымдықтарын тұрғындарға кеңінен таныстыруға, азаматтармен тікелей байланыс орнатуға және сайлау үдерісінің ашық әрі тиімді өтуіне үлес қосқан азаматтардың еңбегі атап өтілді.

Штаб мүшелеріне партия Төрағасы Айбек Арқабайұлы Дәдебайдың атынан алғыс хаттар табысталды.

Облыстық сайлауалды штабының төрағасы Бибігүл Аққожина өз сөзінде қол жеткізілген нәтижелердің артында үлкен команданың үйлесімді жұмысы тұрғанын атап өтті.

«Сайлау нәтижесін біз ең алдымен азаматтардың партияға білдірген зор сенімі әрі үлкен жауапкершілік деп қабылдаймыз. Бұл көрсеткішке бір адамның емес, ортақ мақсатқа жұмылған үлкен команданың бірлескен еңбегі арқылы жеттік», – деді Бибігүл Аққожина.

Сайлауалды науқан барысында партия кандидаттары, сенімді өкілдер мен үгіт топтарының мүшелері облыстың қалалары мен ауылдарында тұрғындармен көптеген кездесулер өткізді.

Тегтер
Әйелдердің саяси көшбасшылығын қолдау және заң жобаларының гендерлік сараптамасын ұйымдастыру Әйелдер зорлық-зомбылыққа қарсы Инклюзия қоғамының дамуына жәрдемдесу Психологиялық қызмет институтының жұмыс істеуіне жәрдемдесу Өндірістегі әйел және гендерлік бюджеттендіру Ауылдық жерде әйелдердің бизнесін дамытуға және әйелдердің қаржылық сауаттылығын қамтамасыз етуге көмектесу Әйелдердің денсаулығын және отбасы институтын нығайтуға көмектесу Қоғамда цифрлық теңдікті қамтамасыз етуге жәрдемдесу Ғылымдағы әйелдерді қолдау Халықаралық ынтымақтастықты дамытуға жәрдемдесу

Тағы жаңалықтар

Барлығын көру
18 қазан, 2026

ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕР ДЕНСАУЛЫҚ ҮШІН БІР МАҚСАТТА ТОҒЫСТЫ

Жамбыл облысы Шу ауданында әйелдер денсаулығын қолдауға арналған «Әйел өмірі үшін» атты жүгіру өтті.

18 қазан, 2026

«Әйел өмірі үшін: сүт безі обырының алдын алу марафоны»

"Әйел өмірі үшін" ақпараттық айлығы аясындағы марафон Қордай ауданында жалғасты

23 қаңтар, 2026

«Таңшолпан»: Қостанай облысында әйелдердің саяси көшбасшылығын дамытудың жаңа кезеңі

Теориялық бөлімнен кейін қатысушылар тәжірибелік сабақтарға көшіп, дебаттық сессияларға қатысты. Бес командаға...

10 сәуір, 2026

«ҒАЛЫМ TALKS: ҒЫЛЫМНАН БИЗНЕСКЕ»

Состоялась экспертная сессия «Ғылым Talks: от науки к бизнесу», организованная Женским крылом партии AMANAT со...

3 маусым, 2026

«Ананың амандығы – баланың бақыты: балаға сапалы уақыт арнаудың сыры» тақырыбында тәжірибе алмасу сағаты өтілді.

03.06.2026 күні отбасы құндылығын дәріптеу, ана мен бала амандығын сақтау, ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жа...

8 мамыр, 2026

«ЦИФРЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ: САНАЛЫ ҚОЛДАНУ МӘДЕНИЕТІ»

Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты «Белсе...