Басты бет Тарихы Әйелдер қанатының құрылымы Жаңалықтар Байланыс
Қазақша | Орысша
Тіркелу
Әйелдер зорлық-зомбылыққа қарсы 14 қыркүйек, 2026 Түркістан облысы

Қыздарымыздың қауіпсіздігі — ортақ міндет

«Әйелдер қанаты» қоғамдық ұйымы ретінде әйелдер мен қыз балалардың құқықтарын қорғау, зорлық-зомбылықтың алдын алу және құқықтық мәдениетті қалыптастыру бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастырамыз.

Қыздарымыздың қауіпсіздігі — ортақ міндет

М. Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектептің 8–11 сынып оқушы қыздарымен әйелдер мен қыз балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу және олардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында маңызды кездесу өткіздім. «Әйелдер қанаты» қоғамдық ұйымының төрайымы әрі әйелдер мен қыз балалардың құқықтарын қорғау бағытында жұмыс жүргізетін заңгер ретінде кездесуде жасөспірім қыздарға зорлық-зомбылықтың алдын алу, өз құқықтары мен жеке шекарасын қорғау, қауіптің алғашқы белгілерін ажырата білу мәселелері бойынша құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргіздім.

Кездесу барысында зорлық-зомбылыққа ұшыраған жағдайда қайда жүгінуге болады, кімнен көмек сұрауға болады, құқықтары бұзылған кезде қандай әрекет жасау қажет екені нақты түсіндірілді. Қыздарға қиын жағдайды жалғыз көтермей, ата-анасына немесе өзіне сенімді ересек адамға айту, мектеп психологы мен әлеуметтік педагогке жүгіну, қажет болған жағдайда құқық қорғау органдары мен тиісті көмек көрсету қызметтеріне хабарласудың маңыздылығы айтылды. Сонымен қатар буллинг, қорқыту, бопсалау, психологиялық қысым және өзге де зорлық түрлеріне немқұрайлы қарамау керектігі түсіндірілді.

Әрбір қыз өз құқығын білуі керек. Өз құқығын білетін қыз — өзін қорғай алады. Ал өзін қорғай алатын қыз — қауіпсіз әрі сенімді болашаққа қадам басады.

Бүгінгі жасөспірім қыз — ертеңгі білімді маман, ана, қоғамның белсенді мүшесі. Сондықтан олардың қауіпсіздігі мен құқықтарын қорғау — тек отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті.

Қыздарымыз — еліміздің болашағы. Олардың тағдырына бейжай қарамай, қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқықтық сауатын арттыру және зорлық-зомбылықсыз орта қалыптастыру — біздің басты міндеттеріміздің бірі.

«Әйелдер қанаты» қоғамдық ұйымы ретінде әйелдер мен қыз балалардың құқықтарын қорғау, зорлық-зомбылықтың алдын алу және құқықтық мәдениетті қалыптастыру бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастырамыз.

Тағы жаңалықтар

Барлығын көру
18 қазан, 2026

ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕР ДЕНСАУЛЫҚ ҮШІН БІР МАҚСАТТА ТОҒЫСТЫ

Жамбыл облысы Шу ауданында әйелдер денсаулығын қолдауға арналған «Әйел өмірі үшін» атты жүгіру өтті.

18 қазан, 2026

«Әйел өмірі үшін: сүт безі обырының алдын алу марафоны»

"Әйел өмірі үшін" ақпараттық айлығы аясындағы марафон Қордай ауданында жалғасты

14 мамыр, 2026

«АНАЛАР АМАНАТЫ» СӘУКЕЛЕ ШЕРУІМЕН АЙШЫҚТАЛДЫ

⚜️«AMANAT» партиясы Шардара аудандық филиалы жанындағы Әйелдер қанатының ұйымдастыруымен партияның «Ұлттық мұр...

13 ақпан, 2026

Салауатты сана, Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт

"Салауатты сана", "Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт" жобалары аясында Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы №11 кол...

3 маусым, 2026

«Ананың амандығы – баланың бақыты: балаға сапалы уақыт арнаудың сыры» тақырыбында тәжірибе алмасу сағаты өтілді.

03.06.2026 күні отбасы құндылығын дәріптеу, ана мен бала амандығын сақтау, ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жа...

13 мамыр, 2026

Алматы қаласы «AMANAT» партиясы АҚФ жанындағы Әйелдер қанатының және Алматы Азаматтық альянсының бастамасымен, Алматы қаласының Қоғамдық кеңесінің қатысуымен кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша диалог алаңы өтті.

Алматы қаласы «AMANAT» партиясы АҚФ жанындағы Әйелдер қанатының және Алматы Азаматтық альянсының бастамасымен,...