МАҚТААРАЛ АУДАНЫ: ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ – БАСТЫ НАЗАРДА
11 қыркүйек – Отбасы күніне орай, «Әділет» партиясы Мақтаарал ауданы бойынша Әйелдер қанатының жетекшісі Даубаева Меруерт Таласбекқызы әлеуметтік қолдауға мұқтаж көпбалалы, мүмкіндігі шектеулі азаматшаның отбасына арнайы барып, жағдайымен танысты.
Акция аясында жанұяға азық-түлік себеті табысталып, қажетті қолдау көрсетілді. Кездесу барысында отбасы мүшелеріне жылы лебіздер айтылып, балаларға ізгі тілектер білдірілді.
Бұл – отбасы құндылықтарын дәріптеп қана қоймай, қоғамдағы жанашырлық пен өзара көмекті арттыруға бағытталған игі бастама.
Отбасыға қолдау көрсету – қоғамның ортақ жауапкершілігі. «Әділет» партиясы алдағы уақытта да әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасыларға назар аударып, қайырымдылық пен жанашырлыққа негізделген игі бастамаларды жалғастыра береді.

