«МЕКТЕПКЕ НЫҚ ҚАДАММЕН»
Акция аясында көпбалалы және әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасылардан шыққан 28 оқушыға кеңсе тауарлары мен оқу құралдары салынған мектеп рюкзактары табысталды.
🎒 «МЕКТЕПКЕ НЫҚ ҚАДАММЕН»
Қостанай қаласында жаңа оқу жылына дайындық аясында «Әділет» партиясының Әйелдер қанатының бастамасымен және Саяси кеңестің қатысуымен «Мектепке нық қадаммен» акциясы өтті. Іс-шара Бекмырза Жұмаш, Нұрлан Иргизбаев, Наталья Лапшина, Самат Мукенов және Әйелдер қанаты мүшелерінің қолдауымен ұйымдастырылды.
Акция аясында көпбалалы және әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасылардан шыққан 20 оқушыға кеңсе тауарлары мен оқу құралдары салынған мектеп рюкзактары табысталды.
«Әділет» партиясы Қостанай облыстық филиалының төрағасы Бибігүл Аққожина әрбір балаға тең мүмкіндік қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.
Әйелдер қанатының жетекшісі Гүлсара Жаманқұлова оқушыларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, білім жолында сәттілік және өз күшіне деген сенім тіледі.