Басты бет Тарихы Әйелдер қанатының құрылымы Жаңалықтар Байланыс
Қазақша | Орысша
Тіркелу
Инклюзия қоғамының дамуына жәрде... 12 сәуір, 2026 Қызылорда облысы

Мүмкіндіктері шектеулі жандардың әлеуметке кірігуіне жәрдемдесу бағытының жетекшісінің ұйымдастыруымен "Жырлары жүректі жаулаған" атты әдеби сазды поэзиялық кеш

Мүмкіндіктері шектеулі жандардың әлеуметке кірігуіне жәрдемдесу бағытының жетекшісінің ұйымдастыруымен "Жырлары жүректі жаулаған" атты әдеби сазды поэзиялық кеш

Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық қорғау күні жыл сайын 23 сәуірде атап өтіледі. Мақсаты - кітап оқуды дамыту және авторларды құрметтеу. Осындай айтулы шараға орай, Оңалту орталығында, Сыр өңірінің тумасы, ақын, аудармашы Шөмішбай Нағашыбайұлы Сариевтің 80 жылдығына арналған "Жырлары жүректі жаулаған" атты әдеби сазды поэзиялық кеш өтті. Кешке N1, N2 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету және балалар орталықтарының қызмет алушылары қатысып, Ш.Сариевтің өлеңдерін оқып, ақынның сөзіне жазылған әндерін көрермендер қосыла орындап кештің өз дәрежесінде өтуіне зор үлестерін қосты. Кеш соңында қатысушы орталықтардың кітапхана қорына, ерекше жандарға Сыр елінде жасалынып жатқан түрлі бағыттағы қолдаулар нәтижесінде жеткен жетістіктері мен өмір жолдары, өзге жандарға үлгі болу мақсатында жазылған “ҚАЙСАРЛЫҚТЫ ҮЛГІ ЕТКЕН ЖЕТІ ТАҒДЫР” атты кітап сыйлыққа тартылып, орталық директоры атынан алғыс хаттар табысталды. Кештің жоғары денгейде өтуіне ат салысқан барша қонақтарға зор алғыс білдіреміз.

Тағы жаңалықтар

Барлығын көру
29 маусым, 2026

Бәйдібек ауданында «Күшің өзіңде: стресс басқару дағдылары» атты психологиялық және құқықтық көмек акциясы өтті.

“Amanat” партиясының Бәйдібек аудандық филиалы жанындағы Әйелдер қанаты қоғамдық ұйымы және Бәйдібек аудандық...

23 маусым, 2026

Жаңа бастамалар мен нақты істер алаңы

Сарысу ауданында өткен Әйелдер қанатының отырысында әйелдердің көшбасшылығын дамыту, қоғамдық белсенділігін ар...

8 мамыр, 2026

БАЛА ТӘРБИЕСІ БАСТЫ НАЗАРДА

29 мамыр, 2026

Дағдарыс орталығының әйелдерімен кездесу

Әйелдер қанатының мүшелері Балжан Қожабекқызы мен Гүлнара Жақсылықызы “Отбасы банк” қызметкерлерімен бірлесіп,...

11 сәуір, 2026

Ұлы ғалымның мұрасы мәңгілікке қалды!

4 мамыр, 2026

«Қабілетке қарай бағыт: ерекше балаларға кәсіп таңдаудың тиімді жолдары» облыстық кездесу

Өңірде ерекше білім беруді қажет ететін балаларға тең мүмкіндік жасау, олардың сапалы білім алып, қоғамға толы...