Басты бет Тарихы Әйелдер қанатының құрылымы Жаңалықтар Байланыс
Қазақша | Орысша
Тіркелу
Өндірістегі әйел және гендерлік... 16 қыркүйек, 2026 Түркістан облысы

«Өндірістегі әйел: еңбектегі ерлік пен кәсібилік» тақырыбында әйелдермен кездесу

Әйелдер қанатының қызмет аясы аясында бүгін «Әділет» партиясы Түлкібас аудандық филиалында «Өндірістегі әйел: еңбектегі ерлік пен кәсібилік» тақырыбында кездесу өтті. Кездесуге филиалдың сектор меңгерушісі Тимур Қыдыралиев, аудандық Әйелдер кеңесінің мүшелері және белсенді әйелдер қатысты.

«Өндірістегі әйел: еңбектегі ерлік пен кәсібилік» тақырыбында әйелдермен кездесу

Жиын барысында өндіріс саласында еңбек етіп жүрген әйелдердің қоғамдағы орны, олардың кәсіби біліктілігі мен еңбекке деген жауапкершілігі сөз болды. Қатысушылар әйелдердің түрлі салада табысты еңбек етіп, отбасы мен жұмысты қатар алып жүрудегі қажыр-қайратына тоқталды.

Сонымен қатар, еңбек адамын құрметтеу, жұмыс орындарындағы әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту, кәсіби дамуына жағдай жасау және әйелдердің қоғамдық өмірге белсенді араласуы мәселелері талқыланды.

Өндірістегі әйел — табандылықтың, жауапкершіліктің және кәсібиліктің жарқын үлгісі. Олардың күнделікті еңбегі өндірістің дамуына ғана емес, қоғамның тұрақты дамуына да өз үлесін қосып келеді.

Кездесу соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, еңбек жолындағы тәжірибелерімен бөлісті. Мұндай кездесулер әйелдердің кәсіби әлеуетін арттыруға, өзара тәжірибе алмасуына және қоғамдағы белсенділігін одан әрі күшейтуге мүмкіндік береді.

Тағы жаңалықтар

Барлығын көру
18 қазан, 2026

ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕР ДЕНСАУЛЫҚ ҮШІН БІР МАҚСАТТА ТОҒЫСТЫ

Жамбыл облысы Шу ауданында әйелдер денсаулығын қолдауға арналған «Әйел өмірі үшін» атты жүгіру өтті.

18 қазан, 2026

«Әйел өмірі үшін: сүт безі обырының алдын алу марафоны»

"Әйел өмірі үшін" ақпараттық айлығы аясындағы марафон Қордай ауданында жалғасты

14 мамыр, 2026

«АНАЛАР АМАНАТЫ» СӘУКЕЛЕ ШЕРУІМЕН АЙШЫҚТАЛДЫ

⚜️«AMANAT» партиясы Шардара аудандық филиалы жанындағы Әйелдер қанатының ұйымдастыруымен партияның «Ұлттық мұр...

13 ақпан, 2026

Салауатты сана, Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт

"Салауатты сана", "Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт" жобалары аясында Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы №11 кол...

12 ақпан, 2026

Облыстық «Ana serpini» әлеуметтік жобасы Жаңаөзенде басталды.

Мақсаты – әйелдер мен аналардың кәсіпкерлік әлеуетін арттыру, олардың бизнес бастамаларын қолдау, жаңа идеялар...

22 мамыр, 2026

«AMANAT» партиясының әйелдер қанаты She Impact Kazakhstan жобасына қатысты

«AMANAT» партиясы әйелдер қанатының өкілдері әйелдер және әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға, заманауи технолог...