«ӨНДІРІСТЕГІ ӘЙЕЛ КҮШІ» АТТЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ
«Әділет» партиясы Сайрам аудандық филиалының мәжіліс залында, «Өндірістегі әйел күші» атты тақырыпта, Әйелдер қанаты мүшелерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.
Басқосудың мақсаты, іскер әйелдердің бизнес саласындағы әлеуетін көтеру болып табылады. Әйелдер қанатының жетекшісі, кәсіпкер Шынар Кенжебекова басқосудың маңыздылығына тоқталды. Әйелдердің кәсіпкерлікпен айналысуына, еңбек құқығының сақталуына барлық жағдай жасалған.
Бүгінде, әйелдердің қоғамдағы рөлін арттыру, құқықтарын қорғау бағытындағы жобаларға қолдау көрсетілуде. Өз нәтижесінде кәсіпкер әйелдердің саны күннен-күнге артып келеді. Ауданымыздың қыз-келіншектері, өндірістегі әйелдер қоғамның сан саласында белсенді болып, олардың бастамаларына мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп, алдағы уақытта тағыда жаңа жобаларға жол ашылатындығына сенемін деді Шынар Қонысбекқызы.
Жиын барысында маңызды ұсыныстар айтылып, пікір алмасып, Сайрам ауданы Әйелдер қанатының 2027 жылға арналған жұмыс жоспарлары талқыланды.

