Басты бет Тарихы Әйелдер қанатының құрылымы Жаңалықтар Байланыс
Қазақша | Орысша
Тіркелу
Әйелдердің саяси көшбасшылығын қ... 9 қыркүйек, 2026 Жетісу облысы

Отбасы – әр адамның шағын отаны

Көксу ауданында «Үздік жас отбасы» номинациясының жеңімпазы Жанғабыловтар отбасымен тағылымды кездесу өтті. Кездесуде отбасы құндылықтары, ұлттық тәрбие, бала тәрбиесі, еңбекқорлық пен кәсіпкерліктің маңызы сөз болып, жас ұрпаққа өнегелі отбасының тәжірибесі таныстырылды.

Отбасы – әр адамның шағын отаны

«Отбасы – әр адамның шағын отаны» атты тағылымды кездесу өтті

Жетісу облысы әкімінің «Көшбасшы-2025» жастар сыйлығының  «Үздік жас отбасы» номинациясының жеңімпазы – Жангабыловтар отбасымен тағылымды кездесу өтті.

Іс-шараның мақсаты – отбасылық құндылықтарды дәріптеу, берекелі шаңырақтың қоғамдағы рөлін насихаттау, жастарға үлгілі отбасының өнегесін көрсету және еңбекқорлық пен кәсіпкерліктің маңызын кеңінен таныту.

Көксу ауданы мәдениет үйінің директоры Алишер Асқарұлы Жанғабылов отбасы құндылықтары, ұлттық тәрбие мен мәдениеттің ұрпақ тәрбиесіндегі маңызы туралы өз ойымен бөлісті.  Өңірлік әйелдер қанатының мүшесі, «Үздік келін – 2022»  байқауының жеңімпазы, қоғам белсендісі  Айнұр Алтынбайқызы өз отбасының қалыптасу жолы, бала тәрбиесі, жанұядағы сыйластық пен татулықтың маңызы, сондай-ақ жетістіктерге жетудегі отбасының қолдауы туралы әсерлі әңгіме өрбітті.

Сонымен қатар, Айнұр Алтынбайқызы Балпық би кентінде орналасқан өзінің гүлдер дүкені арқылы шағын кәсіпті дамыту тәжірибесімен бөлісіп, табысты кәсіптің негізінде адал еңбек, жауапкершілік және отбасының бірлігі жатқанын атап өтті.

«Отбасы – әр адамның шағын отаны» тақырыбындағы кездесу отбасы институтын нығайтуға, ұлттық құндылықтарды ұлықтауға және қоғамдағы бірлік пен ізгілікті дәріптеуге бағытталған маңызды рухани шаралардың бірі болды.

Тағы жаңалықтар

Барлығын көру
18 қазан, 2026

ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕР ДЕНСАУЛЫҚ ҮШІН БІР МАҚСАТТА ТОҒЫСТЫ

Жамбыл облысы Шу ауданында әйелдер денсаулығын қолдауға арналған «Әйел өмірі үшін» атты жүгіру өтті.

18 қазан, 2026

«Әйел өмірі үшін: сүт безі обырының алдын алу марафоны»

"Әйел өмірі үшін" ақпараттық айлығы аясындағы марафон Қордай ауданында жалғасты

3 қыркүйек, 2026

«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНДАҒЫ САЙЛАУАЛДЫ ШТАБ ЖҰМЫСЫН ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ

«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНДАҒЫ САЙЛАУАЛДЫ ШТАБ ЖҰМЫСЫН ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ Бүгін Талдықорған қаласында «Әділе...

3 қыркүйек, 2026

«Мектепке нық қадаммен!»

Жетісу облысында «Әділет» партиясы Жетісу облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Мектепке нық қадаммен!» қайырым...

8 маусым, 2026

Абай университетінде әйелдер көшбасшылығын дамытуға арналған жаңа EMBA бағдарламасы іске қосылды

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде әйелдердің көшбасшылық әлеуетін дамытуға бағытталған...

23 қаңтар, 2026

«Таңшолпан»: Қостанай облысында әйелдердің саяси көшбасшылығын дамытудың жаңа кезеңі

Теориялық бөлімнен кейін қатысушылар тәжірибелік сабақтарға көшіп, дебаттық сессияларға қатысты. Бес командаға...