Басты бет Тарихы Әйелдер қанатының құрылымы Жаңалықтар Байланыс
Қазақша | Орысша
Тіркелу
Әйелдердің денсаулығын және отба... 9 қазан, 2026 Түркістан облысы

Отырар ауданында сүт безі обыры ауруын алдын алу бойынша «Тексерілуге уақыт бөл» ашық есік күні өтті

Сүт безі обыры туралы республикалық ақпараттандыру айлығы аясында Отырар ауданында әйелдер арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – әйелдерге сүт безі обырының алдын алу, ауруды ерте анықтау және өз денсаулығына жауапкершілікпен қараудың маңыздылығын түсіндіру.

Отырар ауданында сүт безі обыры ауруын алдын алу бойынша «Тексерілуге уақыт бөл» ашық есік күні өтті

Ақпараттандыру айлығы аясында «Сүт безінің саулығы туралы 5 минут» ақпараттық кездесуі және «Тексерілуге уақыт бөл» республикалық ашық есік күні ұйымдастырылды. Кездесу барысында мамандар сүт безі ауруларының алдын алу, алғашқы белгілеріне назар аудару және медициналық тексерулерден уақытылы өтудің маңыздылығы жөнінде кеңестер берді.

Іс-шараға «Әділет» партиясы Отырар аудандық филиалы жанындағы Әйелдер қанатының жетекшісі Едигеева Тынышкүл Мұратқызы және Отырар аудандық орталық емханасының маммолог дәрігері қатысып, әйелдер денсаулығын сақтау, аурудың алдын алу және скринингтік тексерулердің маңызы туралы жан-жақты ақпарат берді.

Сонымен қатар, қатысушыларға бейінді мамандар тарапынан кеңестер беріліп, қажетті медициналық тексерулерден өту тәртібі түсіндірілді.

Кездесу барысында әйелдердің өз денсаулығына бейжай қарамай, профилактикалық тексерулерден уақытылы өтуі және аурудың алдын алу шараларына жауапкершілікпен қарауы қажеттігі атап өтілді.

Әйел денсаулығы – отбасы мен қоғам саулығының маңызды кепілі.

Өз денсаулығыңызға уақыт бөлу – өз өміріңізге деген қамқорлық.
Тексеріліңіз. Алдын алыңыз. Өміріңізді бағалаңыз! 

6ac8748724544.jpg
6ac8745193919.jpg
6ac8745aa9ce2.jpg
6ac8746543119.jpg

 

 

 

 

Тағы жаңалықтар

Барлығын көру
18 қазан, 2026

ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕР ДЕНСАУЛЫҚ ҮШІН БІР МАҚСАТТА ТОҒЫСТЫ

Жамбыл облысы Шу ауданында әйелдер денсаулығын қолдауға арналған «Әйел өмірі үшін» атты жүгіру өтті.

18 қазан, 2026

«Әйел өмірі үшін: сүт безі обырының алдын алу марафоны»

"Әйел өмірі үшін" ақпараттық айлығы аясындағы марафон Қордай ауданында жалғасты

14 мамыр, 2026

«АНАЛАР АМАНАТЫ» СӘУКЕЛЕ ШЕРУІМЕН АЙШЫҚТАЛДЫ

⚜️«AMANAT» партиясы Шардара аудандық филиалы жанындағы Әйелдер қанатының ұйымдастыруымен партияның «Ұлттық мұр...

13 ақпан, 2026

Салауатты сана, Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт

"Салауатты сана", "Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт" жобалары аясында Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы №11 кол...

1 сәуір, 2026

Петропавл қаласында «Vildana Studio» сұлулық салонының иесі Вильдана Қожахметова «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында тегін курс ұйымдастырды.

Петропавлда «AMANAT» партиясы Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы жанындағы әйелдер қанатының мүшесі, «Vildan...

7 наурыз, 2026

ӘЙЕЛ ЕҢБЕГІ – ЕЛ МЕРЕЙІ