Басты бет Тарихы Әйелдер қанатының құрылымы Жаңалықтар Байланыс
Қазақша | Орысша
Тіркелу
Жаңалықтар 18 қыркүйек, 2026 Солтүстік Қазақстан облысы

Петропавлда «Қазақстан балалары» ұлттық бағдарламасы аясында балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша бірыңғай тақырыптық қабылдау өтті.

«Әділет» партиясы филиалы Әйелдер қанатының өкілдері, мемлекеттік органдар мен бейінді ұйымдардың мамандары азаматтардың өтініштерін қарады.

Петропавлда «Қазақстан балалары» ұлттық бағдарламасы аясында балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша бірыңғай тақырыптық қабылдау өтті.

Петропавлда ерекше қажеттіліктері бар балалардың ата-аналары үйірмелердің жеткіліксіз екенін айтты

Ерекше қажеттіліктері бар мектеп оқушыларына арналған тегін үйірмелердің аздығы, балаларды әлеуметтендіру мәселесі және қолжетімді көмек түрлері туралы ақпараттың жеткіліксіздігі. Бұл және өзге де мәселелерді ата-аналар «Әділет» партиясы Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының қоғамдық қабылдауында көтерді.

Петропавлда «Қазақстан балалары» ұлттық бағдарламасы аясында балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша бірыңғай тақырыптық қабылдау өтті. «Әділет» партиясы филиалы Әйелдер қанатының өкілдері, мемлекеттік органдар мен бейінді ұйымдардың мамандары азаматтардың өтініштерін қарады.

Петропавл қаласының тұрғыны Наргүл Нұркеева ерекше қажеттіліктері бар мектеп жасындағы балаларға арналған тегін үйірмелер мен спорт секцияларының жеткіліксіздігіне назар аударды. Оның айтуынша, қазіргі мүмкіндіктер сұранысты толық өтей алмайды, ал жекеменшік орталықтардағы сабақтардың ақысы көптеген отбасы үшін қымбат.

«Үміт» спорт клубы басшысының орынбасары Ардақ Оразбекова жұмыс істеп тұрған үйірмелер туралы жан-жақты айтып, балалардың денсаулық жағдайын ескере отырып, әрқайсысына лайықты бағытты жеке таңдауды ұсынды. Ата-аналарға қажетті байланыс деректері беріледі, ал балалардың жаттығу барысын мамандар сүйемелдейді.

2 алтыншы сынып оқушысын тәрбиелеп отырған Анна Останина тағы бір өзекті мәселені көтерді. Оның балалары үйден білім алады. Сондықтан, анасының айтуынша, олардың әлеуметтенуі ерекше маңызға ие. Сонымен қатар ата-аналар балаларына қандай бағдарламалар, сабақтар мен түзету қызметтері қолжетімді екенін үнемі біле бермейді.

Білім басқармасының әдіскері Елена Балтина өтініш иесіне түзету көмегін алу тәртібін түсіндіріп, қолданыстағы бағдарламалар туралы ақпарат берді. Сонымен бірге қабылдауға қатысушылар балаларға арналған қосымша үйірмелерге өзге де мүмкіндіктерге деген қажеттілік әлі де бар екенін атап өтті. Бұл мәселелерді жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп пысықтау жоспарланып отыр.

Бірыңғай тақырыптық қабылдау «Әділет» партиясының Солтүстік Қазақстан облысындағы барлық қоғамдық қабылдау алаңдарында өтті. Петропавл қаласы мен аудандарда 20-ға жуық адам көмек пен кеңес алу үшін жүгінді.

Тағы жаңалықтар

Барлығын көру
18 қазан, 2026

ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕР ДЕНСАУЛЫҚ ҮШІН БІР МАҚСАТТА ТОҒЫСТЫ

Жамбыл облысы Шу ауданында әйелдер денсаулығын қолдауға арналған «Әйел өмірі үшін» атты жүгіру өтті.

18 қазан, 2026

«Әйел өмірі үшін: сүт безі обырының алдын алу марафоны»

"Әйел өмірі үшін" ақпараттық айлығы аясындағы марафон Қордай ауданында жалғасты

1 сәуір, 2026

Петропавл қаласында «Vildana Studio» сұлулық салонының иесі Вильдана Қожахметова «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында тегін курс ұйымдастырды.

Петропавлда «AMANAT» партиясы Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы жанындағы әйелдер қанатының мүшесі, «Vildan...

13 мамыр, 2026

Петропавл қаласында «Өмірімізден PRO-күн туралы» / «PRO-день из нашей жизни» тақырыбында дәстүрлі кәсіподақтық КВН өтті.

Ойын мектептер, балабақшалар және қосымша білім беру ұйымдарының қызметкерлерін біріктірді. Сахнада «Абай аты...

18 қазан, 2026

Әйел өмірі — қоғамның басты құндылығы!

Бүгін Жамбыл облысы Сарысу ауданында Әйелдер қанатының бастамасымен сүт безі обырының алдын аулуға бағытталған...

18 қазан, 2026

Өз өміріңіз үшін уақытылы тексеруден өтіңіз!

Марафон мен серуендеуге қатысқан таластықтар игі бастаманы қолдап, әйелдер денсаулығына қоғам назарын аударуға...