Басты бет Тарихы Әйелдер қанатының құрылымы Жаңалықтар Байланыс
Қазақша | Орысша
Тіркелу
Инклюзия қоғамының дамуына жәрде... 11 қыркүйек, 2026 Солтүстік Қазақстан облысы

Петропавлда Отбасы күніне арналған мерекеге 50-ден астам бала қатысты

Петропавлда Отбасы күніне орай ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар үшін партияның «Әділет» өкілдері ұйымдастырған мерекелік кездесуге 50-ден астам бала мен 30 ата-ана қатысты. Балалар үшін шығармашылық және спорттық байқаулар, аниматорлар қатысатын концерттік бағдарлама және басқа да қызықты шаралар ұйымдастырылды.

Петропавлда Отбасы күніне арналған мерекеге 50-ден астам бала қатысты

Петропавлда Отбасы күніне орай ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар үшін партияның «Әділет» өкілдері ұйымдастырған мерекелік кездесуге 50-ден астам бала мен 30 ата-ана қатысты. Балалар үшін шығармашылық және спорттық байқаулар, аниматорлар қатысатын концерттік бағдарлама және басқа да қызықты шаралар ұйымдастырылды.

✅ Мереке Qyzyljar Creative Center орталығында өтті. Балалар сурет салып, эстафеталар мен байқауларға қатысып, аниматорлармен бірге ойындарға қатысты. Әр балаға сыйлық табысталып, ата-аналар үшін тренинг өткізілді. Ұйымдастырушылар бұл форматты арнайы таңдаған. Себебі бұл күні тәрбиесі, дамуы және әлеуметтенуі ерекше назарды қажет ететін балалар өсіп жатқан отбасыларды бір алаңға жинауға мүмкіндік берді.

✅ Солтүстік Қазақстан облысында бүгінде ерекше қажеттіліктері бар 6 мыңнан астам бала тұрады. Өңірде олар үшін мамандандырылған көмек көрсету жүйесі жұмыс істейді. Партия өкілдері отбасыға қолдау тек мамандардың көмегі мен білім беру бағдарламаларымен шектелмейтінін атап өтті. Балалардың бірге ойнап, араласуы, ал ата-аналардың басқа отбасылармен кездесіп, пікір алмасуы сияқты қарапайым мүмкіндіктер де маңызды.

🎙️«Бағдарламаны балаларға да, ата-аналарға да қызықты болатындай етіп ұйымдастыруға тырыстық. Әр бала өзіне ұнайтын шараны таңдай алуы үшін әртүрлі бағыттағы жұмыстарды қарастырдық. Балалар сурет салып, эстафеталар мен байқауларға қатысты. Бүгін барлығы көңілді уақыт өткізді, әркім өзіне қызықты нәрсе тапты. Біз үшін ең маңыздысы – осы», – деді «Әділет» партиясы СҚОФ төрайымы Қалия Төренова.

✅ Іс-шараны ұйымдастыруға «Радуга» ЖШС, «Мир аттракционов» ЖШС, қалалық мәдениет үйі және «Әділет» партиясы өңірлік филиалының әйелдер қанаты үлкен қолдау көрсетті.

Тегтер
Инклюзия қоғамының дамуына жәрдемдесу Әйелдердің денсаулығын және отбасы институтын нығайтуға көмектесу

Тағы жаңалықтар

Барлығын көру
18 қазан, 2026

ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕР ДЕНСАУЛЫҚ ҮШІН БІР МАҚСАТТА ТОҒЫСТЫ

Жамбыл облысы Шу ауданында әйелдер денсаулығын қолдауға арналған «Әйел өмірі үшін» атты жүгіру өтті.

18 қазан, 2026

«Әйел өмірі үшін: сүт безі обырының алдын алу марафоны»

"Әйел өмірі үшін" ақпараттық айлығы аясындағы марафон Қордай ауданында жалғасты

1 сәуір, 2026

Петропавл қаласында «Vildana Studio» сұлулық салонының иесі Вильдана Қожахметова «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында тегін курс ұйымдастырды.

Петропавлда «AMANAT» партиясы Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы жанындағы әйелдер қанатының мүшесі, «Vildan...

13 мамыр, 2026

Петропавл қаласында «Өмірімізден PRO-күн туралы» / «PRO-день из нашей жизни» тақырыбында дәстүрлі кәсіподақтық КВН өтті.

Ойын мектептер, балабақшалар және қосымша білім беру ұйымдарының қызметкерлерін біріктірді. Сахнада «Абай аты...

9 маусым, 2026

"Қабылда мені әлем"

Қ. Сыдиықұлы атындағы кітапханада ерекше қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеп отырған аналарға арналған «Қабылд...

11 сәуір, 2026

Ұлы ғалымның мұрасы мәңгілікке қалды!