САУРАН АУДАНЫ: ОТБАСЫ – ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗГІ ТІРЕГІ
11 қыркүйек – Отбасы күніне орай отбасы құндылықтарын дәріптеу, әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасыларға көмек көрсету, мейірімділік пен жанашырлықты насихаттау мақсатында «Әділет» партиясы Сауран аудандық филиалының ұйымдастыруымен игі шара өтті.
Аталған шараға «Әділет» партиясы Сауран аудандық филиалының төрағасы Сағынбек Асылбеков, Сауран аудандық Әйелдер қанатының төрайымы Тамара Ерімбет, аудандық мәслихат депутаты Хуршид Шарапов және Әйелдер қанатының мүшелері Махсуда Мамадалиева, Гүлбағила Қаражанова, Алия Алдиярова қатысты.
Шара барысында Ескі Иқан, Шорнақ және Жібек Жолы ауылдарындағы аз қамтылған, әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасылардың үйлеріне арнайы барып, азық-түлік өнімдері мен жеміс-жидек себеттері табысталып, материалдық көмек көрсетілді.
Игі шараның негізгі мақсаты – көмекке мұқтаж отбасыларға қолдау білдірумен қатар, қоғамдағы өзара көмек пен қамқорлықты арттыру, әрбір отбасының жағдайына бейжай қарамау.
Көмек алған отбасылар «Әділет» партиясы Сауран аудандық филиалының өкілдеріне ризашылықтарын білдіріп, көрсетілген қолдау мен қамқорлық үшін шынайы алғыстарын жеткізді.
Отбасы – береке мен бірліктің, мейірім мен жылулықтың бастауы. Әр шаңыраққа амандық, молшылық пен бақ-береке тілейміз!



